« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Кеше мәжілістегі «Оқушыларды оқулықтармен және оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз ету проблемалары мен шешімдері» тақырыбында өткен Үкімет сағатында Білім және ғылым министрі Аслан Сәрінжіпов мектептерге оқулықтар жеткізу мәселесіне өзгерістер енгізуді ұсынды.
Оқулық тапшылығы бойынша проблемалардың бірі оқулықтарды жеткізу жүйесіне қатысты болып отыр. Осыған қатысты арнайы құрылған комиссия оқулық тізімін бекіту мен оларды мектепке жеткізуге дейінгі жүйені тексертіп шықты. «Оның барысында негізінен бірқатар проблемалар анықталды, соның ішінде оқулықтарды жеткізуге өзгерістер енгізу қажеттігі белгілі болды», дейді министр.
Оның айтуынша, оқулықтарды сатып алуды жоспарлауда да бірқатар олқылықтар орын алған. Соның ішінде жыл сайын қаржыландырудың жетіспеушілігі салдарынан оқулықты уақытылы сатып алудың дұрыс жоспарланбайтыны да анықталып отыр.
«Республика бойынша оқулықтарға қажетті сұраныстың 3,6 пайызы қаржыландырылмай жатыр. Мәселен, жергілікті атқарушы органдар тарапынан қажет етілетін оқулықтарға 686 млн. 916 мың теңге кем қаражат бөлінген», деді А. Сәрінжіпов.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |