КӨРМЕГЕ АРНАЛҒАН ОРТАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ

Кеше Елбасы «Астана Групп» ЖШС президенті Нұрлан Смағұловты қабылдады.

Кездесу барысында Н.Смағұлов Мемлекет басшысына «ЭКСПО-2017» жобасы аясындағы мәдени-сауық орталығы құрылысының басталғандығы туралы баяндады.

Қазақстан Президенті халықаралық көрме құрылысына жоспарланған ғимараттың бірегейлігін атай отырып, оларды көрмеден кейінгі кезеңде тиімді пайдалануды қамтамасыз етудің маңыздылығын айтты.

«Астана Групп» ЖШС басшысы салынып жатқан нысан Астана қаласындағы көрікті орындарының біріне айналатындығын мәлімдеді.

Жалпы алаңы 140 мың шаршы метрді құрайтын орталықта Қазақстандағы ең ірі балалар аттракциондарының саябағы, 14 залды мультиплекс-кинотеатр, тақырыптық сипаттағы мейрамханалық галереялар, көпфункционалды мұзайдын болады. Орталық құрылысын 2016 жылдың қыркүйегіне дейін аяқтау жоспарланып отыр .


БИЛІК 18 қыркүйек 2014 г. 922 0