Пандемияға ешкім де дайын болған жоқ - Президент

Пандемияға ешкім де дайын болған жоқ. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік комиссияның отырысында айтты.
 «Тіпті, ең дамыған елдер де өздерінің олқы тұстары мен кемшіліктерін көріп, қорытынды жасап жатыр десем артық емес. Бұрын-соңды болмаған ауыр дағдарыстан біздің халқымыз ширап, жаңа кезеңге бейімделіп шығатынына сенімдімін. Сондықтан, бәріміз бір ел болып, белсенді жұмыс жүргізуіміз керек», - деді Президент. 
Бұдан бөлек, Мемлекет басшысы дағдарысқа қарсы нақты шаралар қабылданғанын айтып, медицина қызметкерлерінің еңбек жағдайын ерекше бақылауға алу қажеттігін қаперге салды. 
БИЛІК 11 сәуір 2020 г. 658 0