Мемлекеттік сатып алу тәртібін 1351 шенеунік бұзған

Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникация қызметінің «Қазмедиа» орталығында өткен брифингінде ҚР Қаржы министрі Болат Жәмішев мәлімдеді.
«Мемлекеттік сатып алу туралы заңнаманы бұзғаны үшін бақылау нысандарының жіберген ұсыныстары негізінде 1351 лауазымды тұлға тәртіптік жауапкершілікке тартылды. Оның ішінде 13 лауазымды тұлға атқарып отырған қызметінен босталды» деді Б.Жәмішев. Естеріңізге сала кетейік,Үкіметтің 11 қазанда өткен кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бюджетті игермеудің көлемі 150 млрд теңгеден асқанын сынға алған болатын. Министр келтірген мәлімкетке қарағанда қаражатты толық игермеуге мемлекеттік сатып алу кезіндегі тәртіп бұзушылықтарда өз әсерін тигізген. Бүгінгі уақытта мемлекеттік сатып алу туралы заң қайта қаралып, 16 қазанда Мәжілістің қарауына берілген.

БИЛІК 29 қазан 2013 г. 1 581 0