400 МИЛЛИАРДТЫҢ ӨНІМІ

Елбасының Қарағандыға қарата айтқан сынының ішінде өңірдегі шағын және орта бизнестің кенжелеуі де сеп болып еді. Осыған орай, өңірдегі «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасындағы олқылықтардың орны толтырыла бастады.
Биылғы жылдың қаңтар-қыркүйегі айында Қарағанды облысының шағын және орта бизнес өкілдері 400 млрд. теңге сомаға өнім шығарған. 
Облыс бойынша ШОБ саласында жұмыспен қамтылғандар саны 200 мың адамнан асса, бұл экономикалық белсенді халықтың үштен бір бөлігін құраған. Және «БЖК-2020» бағдарламасы бойынша қаржы құралдарымен 63 млрд. теңге сомаға 262 жобаға қолдау көрсетіліп, нәтижесінде 7 мың кәсіпкер жеңілдетілген несиеге ие болған.
Таратылған мәліметтерге қарағанда, облыс аумағында аталған сектордың субъектілері 2013 жылы болжам бойынша 500 млрд. теңгенің өнімін шығарады деп күтілуде.
Н.САҒАТҰЛЫ. 


БИЛІК 29 қазан 2013 г. 1 489 0