Кадрлық өзгерістер болды

Кеше Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен бірқатар кадрлық өзгерістер болды.

Марат Мұханбетқазыұлы Тәжиннің басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметіне Қырымбек Елеуұлы Көшербаев та­ғайын­далды.

Қырымбек Елеуұлы екі жарым айдан астам жетекшілік еткен Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметін енді Қарағанды облысының әкімі қызметін атқарып келген Ерлан Жақанұлы Қошанов атқаратын болды.

Сондай-ақ, Президент Жар­лығымен Роман Васильевич Скляр Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Бейбіт Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Респуб­ликасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму ми­нистрі, Мұхтар Бескенұлы Тілеуберді Қазақстан Рес­пуб­ликасының Сыртқы іс­тер министрі, Ғалымжан Тель­манұлы Қойшыбаев Қазақ­стан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы болып тағайындалды.

БИЛІК 19 қыркүйек 2019 г. 4 964 0