Мемлекет басшысы Тұңғышбай Жаманқұловты қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның театр қайраткерлері одағының төрағасы Тұңғышбай Жаманқұловты қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап. 
Кездесу барысында Мемлекет басшысына Қазақстанның ұлттық театрларының жай-күйі, кинематография саласының жағдайы туралы мәлімет берілді. Тұңғышбай Жаманқұлов Қазақстан Президентіне өңірлеріндегі театрлардың шығармашылық жағдайы, Т.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясындағы жас мамандарды дайындау барысы және басқа да мәселелер туралы баяндады. Сонымен қатар, кездесуде Қазақстанның театр қайраткерлері одағының мәртебесін арттыру мәселесі де сөз болды. Қасым-Жомарт Тоқаев театр және кино өнері еліміздің мәдени-рухани дамуында айрықша рөл атқаратынына назар аударды. Сондықтан, осы салалардың дамуына ерекше көңіл бөліп, әрдайым қолдау білдіретінін атап өтті.
БИЛІК 31 шілде 2019 г. 1 270 0