Ел басшылығы Астана күні мерекесінде Елбасымен кездесті

Кездесу барысында ел басшылығының өкілдері Нұрсұлтан Назарбаевты туған күнімен және Астана күні мерекесімен құттықтап,  бақ-береке, мықты денсаулық және жұмыста табыс тіледі. Сондай-ақ, Астана мен бүкіл елді қарыштап дамытудағы Мемлекет басшысының жеке үлесі атап өтілді.
Жылы сөздер мен тілектерге ризашылығын білдірген Қазақстан Президенті ел ішінде және халықаралық аренада жеткен елеулі жетістіктер Тәуелсіздіктің алғашқы күнінен бастап осы бағытта мақсатты түрде қызмет еткен баршаның еңбегі екенін атап айтты.

БИЛІК 09 шілде 2014 г. 1 051 0