Мемлекет басшысы «КИМЭП университеті» акционерлік қоғамының президенті Чан Йан Бэнгті қабылдады.
Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа КИМЭП университетінің қазіргі жұмысы және осы оқу орнын дамыту жоспарының іске асырылуы жөнінде мәлімет берілді.
Қазақстан Президенті қазіргі заман экономикасының талаптарына сай білікті мамандар дайындау ісіндегі университет жұмысының тиімділігін атап өтті.
– Университет 1992 жылы құрылған. Осы жылдар ішінде 12 мыңға жуық студент оқуын бітіріп шықты. Бүгінде мұнда әлемнің әртүрлі елдерінен келген оқытушы-профессорлар құрамы еңбек етеді. 29 білім бағдарламасы бойынша 2109 студент ақылы негізде оқып жатыр, – деді Елбасы.
Ч.Бэнг университет түлектерінің 93 пайызы оқу бітірген соң 6 айдың ішінде жұмысқа орналасатынын айтты.
Сонымен қатар, «КИМЭП университеті» акционерлік қоғамының президенті биыл оқу орны Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттіктің тұжырымы бойынша ғылым және білім саласын дамыту ісінде үздік деп танылғанын атап өтті.