Сағынтаев ірі халықаралық инвесторлармен кездесті

Бүгін Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ертең Астанада өтетін Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR-2018) инвестициялық форумының қатысушыларымен бірқатар кездесулер өткізді, деп хабарлайды primeminister.kz


Кездесу барысында инвестициялар және сауда саласында ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері талқыланды. Шетелдік инвесторлар Қазақстанда іске асырылып жатқан аса тартымды жобалар туралы әңгімелеп, болашақ жоспарларымен бөлісті, сондай-ақ Қазақстан экономикасының инвестициялар салу үшін аса перспективалы салаларын баса айтты.


«РОТЕК» АҚ Директорлар кеңесінің төрағасы Михаил Лифшицпен кездесуде Қазақстанның мұнайгаз жабдығы өндірісі, болжамдық жүйесін дамыту, өндіруші қуаттылықтарын жаңғыртуда озық технологияларды қолдану саласындағы мәселелер талқыланды.



Айта кетерлігі, «РОТЕК» АҚ турбиналық өндіріске сервистік қызмет көрсету үшін машина жасау және өндірістік қуаттылықтар саласында ең үздік мамандарға ие. Заманауи технологиялар мен жоғары білікті кадрлар компанияны тұрақты табысты кәсіпорын және сенімді серіктес ретінде көрсетеді. «Sun Group» басқармасының вице-төрағасы Шив Хемкамен кездесу аясында жаңа технологиялар, табиғи ресурстар, ақылды қалалар мен ақылды егін шаруашылығы тәрізді инвестиция салу салалары қарастырылды. Өз кезегінде Б. Сағынтаев ҚР Үкіметі өңдеу өнеркәсібі жобаларын іске асыруда қордың қатысуын толық қолдайтынын мәлім етті.


«SUN Group» компаниясы Ресей, Үндістан және басқа да дамушы елдердің нарықтарындағы жетекші инвестициялық компаниялардың бірі. Компаниялар тобы аэроғарыштық және мұнайгаз өнеркәсібі, металлургия, жылжымайтын мүлік, инфрақұрылым, азық-түлік өнімдері өндірісі, сонымен қатар жаңартылатын энергия көздер тәрізді салаларда жұмыс істейді. «Milken Institute» басқарушы директоры Джеймс Морганмен кездесу барысында инфрақұрылым, денсаулық сақтау және адам капиталын дамыту салаларындағы жобалар туралы сөз болды. Атап айтқанда, М. Джеймс Милкен институтының мүшелері болып табылатын институционалдық инвесторлар желісі туралы айтты.


Ал, Milken Institute АҚШ-та Калифорниядағы тәуелсіз экономикалық сараптама орталығы. Институт АҚШ пен әлемдегі әлеуметтік сауалнамалар бойынша нарық қағидаттары мен қаржылық инновациялар пайдаланылатын зерттеулерді жариялайды және конференциялар өткізеді. РФ мен ЕАЭО елдеріндегі «Servier» компаниясының басқарушы директоры Жером Гавемен кездесу барысында Қазақстанның инновациялық дәрі-дәрмектері өндірісіне инвестициялар салу және заманауи технологиялар трансферті мәселелері қаралды.


«Servier» компаниясының Қазақстандағы өкілдігі 1996 жылы компания шығаратын дәрі-дәрмектерді өндіру, сондай-ақ қазақстандық дистрибьютерлерге компания өндіретін медициналық препараттарды жеткізуде қолдау көрсету мақсатында құрылған. Орталық Азия аймағы бойынша «ENI» вице-президенті Лука Виньятимен екіжақты кездесу барысында әлеуметтік жобаларды барлау және кен алу саласында, сондай-ақ жаңартылатын энергия көздері саласында іске асыруда ынтымақтастық орнату мәселелері қарастырылды. «ENI» - халықаралық мұнайгаз компаниясы, әлемнің 73 елінде жемісті жұмыс істеп тұрған, мойындалған алыптардың бірі. 2017 жылғы 30 маусымдағы дерек бойынша, компанияның жиынтық нарықтық құны $55 млрд құрады. Компания Қазақстанда 1992 жылдан мұнайгаз шикізатын барлау және алу саласында жұмыс істеп келеді.  Еске салайық, ертең, 2018 ж. 3 шілдесінде Астана ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен екінші Kazakhstan Global Investment Roundtable (KGIR-2018) өтеді. Шараның негізгі мақсаты - Қазақстанның инвестициялық мүмкіндіктерін таныстыру, ҚР инвестициялар, экономикалық даму және бәсекеге қабілеттілікті арттыру саласындағы саясатын талқылау.






БИЛІК 03 шілде 2018 г. 1 241 0