« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |
Мемлекет басшысының Өкімімен Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің жауапты хатшысы қызметіне тағайындалды.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.
Асылжан Сарыбайұлы Мамытбеков 1968 жылы 17 қыркүйекте Оңтүстік Қазақстан облысының Шымкент қаласында дүниеге келген.
Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік университетін және Қазақ Мемлекеттік Басқару академиясын тәмамдаған.
1998-1999 жылдары - Қостанай облысының жер ресурстарын басқару жөніндегі комитеті төрағасының орынбасары.
1999 жылдары - Қостанай облыстық қаржы басқармасы бастығының орынбасары.
1999-2000 жылдары - Қостанай облыстық Қаржы департаменті директорының орынбасары.
2000-2003 жылдары - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қостанай облыстық Қазынашылық басқармасының бастығы.
2003-2004 жылдары - Қостанай облысы әкімінің орынбасары.
2004-2006 жылдары - Астана қаласы әкімінің орынбасары.
2006-2007 жылдары - Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары.
2007-2008 жылдары - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі Басшысының орынбасары.
2008-2011 жылдары - «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ Басқарма Төрағасы.
2011 жылдың сәуірінен 2016 жылдың мамырына дейін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі болған.
« Желтоксан 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 | 31 |