« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Кеше Үкімет үйінде ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың төрағалығымен Халықаралық қаржы ұйымдарымен (ХҚҰ) және Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымымен (ЭЫДҰ) өзара іс-қимыл жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Бұл туралы primeminister.kz хабарлайды.
Отырыс барысында ЭЫДҰ-мен өзара іс-қимыл жөніндегі шаралар жоспарының жобасы қаралды, ол Ұйымның инновацияларды, шағын және орта бизнесті дамыту, инвестициялық саясатты жетілдіру және өңірлік бәсекеге қабілеттілікті арттыру бағыттары бойынша ұсынымдарын жүзеге асыруды қарастырады. Сондай-ақ, мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде ХҚҰ-мен бірлескен жобаларды іске асыру барысы талқыланды. Анықтама: 2015 жылдан бастап Қазақстан мен ЭЫДҰ ынтымақтастықтың қол қойылған Елдік бағдарламасы аясында белсенді өзара іс-қимыл сатысына қосылды. Елдік бағдарлама Қазақстанның ЭЫДҰ-ның 29 негізгі құқықтық құралдарына қосылуын қарастырады. Бүгінгі таңда Қазақстан 17 құқықтық құралға қосылды, биыл қалған 12-не қосылу жоспарланып отыр.
« Маусым 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |