| « Тамыз 2026 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
| 31 | ||||||
Қызылорда облысының әр деңгейдегі әкімдері мемлекеттік және жекеменшік әріптестік әдісін дамытуды жетілдіру үшін Астанаға арнайы сапармен барды.
Екікүндік семинарға 65 ауыл мен 7 аудан әкімі және Қызылорда қаласының әкімі қатысуда. Оларға жаңа әдістерді Ұлттық экономика министрлігіне қарасты «Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының» сарапшылары үйретпек.
Қазір елімізде мемлекеттік-жекеменшік әдісіне басымдық берілуде. Бұл салада арнайы заң қабылданып, көптеген жобалар жүзеге асырылып отыр. Сондай-ақ, жаңа реформа бойынша ауыл әкімдеріне дербес бюджет беру де қаралған.
Кеше «Qazaqstan» телеарнасына сұхбат берген Жаңақорған ауданының әкімі Ғ.Әміреев осы сапардың мәнісіне тоқталды. «Бюджеттен бөлінетін қаржы 3 жылға жоспарланады. Мемлекеттік-жекеменшік әріптестік арқылы қаржы тартудың бюджеттен тыс үлкен мүмкіндігі бар. Бізге беріліп отырған облыс әкімінің тапсырмасы осындай.
«Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының» үйретіп отырған тәсілдері де осы – қаржыны қалай тарту керек, жобаларды қалай іске асыру керек деген мәселе» – деді ол.
Біз мұнан шалғай ауылдар мен шағын қалалардың экономикасын ширату, жеке сектор мен мемлекеттің мүмкіндігін ұштастыру – негізінен ел басқарған әр азаматтың бүгінгі күнгі бірінші кезектегі жұмысы екенін көреміз. Әрине, мемлекеттің бұл талабы халықтың әлеуметтік жағдайын одан әрі көтере түсудегі тиімді тәсілдерінің бірі екендігі анық.
| « Тамыз 2026 » | ||||||
|---|---|---|---|---|---|---|
| Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
| 1 | 2 | |||||
| 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
| 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
| 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
| 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
| 31 | ||||||