Келешек ұрпағымыздың рухани саналық деңгейі өскенде ғана озық ойлы азамат ретінде қалыптасатындықтан, болашаққа жаңа қадам жасау үшін Жолдаудағы міндеттерді іс жүзіне асыру қажет.
«Барлық жастағы азаматтарды қамтитын білім беру ісінде өзіміздің озық жүйемізді құруды жеделдету қажет. Білім беру бағдарламаларының негізгі басымдығы өзгерістерге үнемі бейім болу және жаңа білімді меңгеру қабілетін дамыту болуға тиіс» деді Елбасы. Сонымен бірге «2019 жылдан 10-11 сыныптардағы жаратылыстану ғылымының жекелеген пәндеріне оқытуды ағылшын тіліне көшіру басталатын болады» – деп көрсетті.
Бұл орайда мектебімізде бірқатар мұғалімдер жаратылыстану пәндері бойынша курстан өтіп келді. Демек, түлектерді тәрбиелеуге қажетті деңгейде мүмкіндіктерін көрсетіп отыр.
Шара РАХМЕНОВА,
№271 орта мектеп директорының орынбасары.