«Әлемдегі дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылып, қуатты елдермен иық түйістіру – мақсатымыз». Жолдау барысында Елбасы Н.Назарбаев осылай мәлімдеді.
Құжатта әлемдегі төртінші өнеркәсіптік революция басталғанына айрықша маңыз беріліп отыр. Экономиканы жаппай цифрландыру тұтас саланың жойылуына және мүлде жаңа саланың пайда болуына әкелетіні де қозғалған. Арнайы мәлімдемеде экономикалық өсімнің жаңа моделіне қатысты ой айтылды, яғни, бізге енді экономиканың жаңа тетіктерін дамыту керек.
Озық технологияларды нарыққа көптеп енгізетін болсақ, жаһандық деңгейде бәсекеге қабілеттігіміз артатыны сөзсіз. Байқап отырғандарыңыздай, биылғы Жолдау бұған дейінгі мемлекеттік деңгейде қабылданған еліміздің даму бағдарламаларымен өзектес. Басты идеясы – өнеркәсіптік революцияның мүмкіндіктерін өзіміздің даму мақсатымызға пайдалану.
Демек, жаңа технологияларды енгізу тек мемлекеттік басқаруда ғана емес, сонымен қатар индустриалды дамуда да, ауыл шаруашылығы саласында да, көліктік-логистикалық кешендерде де, білім беру мен денсаулық сақтау салаларында да нақты маңыздылығын көрсетеді.
Президентіміз «Біріміз – бәріміз үшін, бәріміз – біріміз үшін» деген қағиданы ұстанып, еңбек етуге де шақырды. Бүгінгі ахуал – жетістіктерді сынға салып, елдігімізді шыңдай түсетін кез. Жауапты сәтте ел игілігі үшін аянбай тер төгуіміз қажет.
Жандос ТҰСМАҒАМБЕТОВ,
«Самұрық» инновациялық идеяларды дамыту орталығының» директоры.