Байланыс қызметін көрсету ережесіне жаңа өзгертулер енгізіледі

Байланыс қызметін көрсету ережесіне жаңа өзгертулер енгізілуіне байланысты өзекті мәселелер шешілетін болды. Бұл туралы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев Facebook парақшасында хабарлады.
«Біздің министрлік Байланыс қызметін көрсету ережесіне жаңа өзгертулер енгізеді. Бұл өзгертулер ұялы байланыс абоненттері көптен бері айтып жүрген бірқатар проблеманы шешуге бағытталып отыр. Қандай келеңсіздіктер жойылатынына төменде бірқатар мысал келтірілген. Жаңа ереже байланыс операторларына жеке шотта қаражат болмаған жағдайда қызмет көрсетуге тосқауыл қойып отыр. Бұл - негізінен роуминг қызметіне қатысты. Осылайша, біз абоненттік номердің «минус» болуының, яғни қарыз болып қалуының алдын аламыз. Сондай-ақ, бұдан былай ауыстырылған номерге қоңырау шалу кезінде «beep» қосу сигналын еріктен тыс орнату практикасы жойылады. Енді шақыру сигналының алдында қосымша акустикалық сигналдар мен паузаларды орнату абоненттің өтінішімен ғана іске асады. Сонымен қатар, абонентке ussd команда немесе смс жіберуді енгізу арқылы қосымша байланыс қызметтерін таңу проблемасы да шешілді. Енді клавишті қателесіп басу, кездейсоқ хабарлама жіберу немесе басқа да байқаусызда болған әрекеттер салдарынан қажетсіз қызметтерге қосылып кетпейсіз. Жақын уақытта құжаттың толық мәтіні БАҚ-та жарияланады, осыдан кейін 10 күннен соң ол күшіне енеді», делінген хабарламада.
БИЛІК 09 қаңтар 2018 г. 743 0