Мәжіліс депутаты Балайым Туғанбайқызы Кесебаева Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаментінің қызметкерлерімен кездесу өткізді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.
Жиынды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің басшысы Әділхан Әшірбаев ашты.
Қызылорда облысы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, шара барысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары Қарымсақов пен Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Қызылорда облысы бойынша департаментінің басқарма басшысы Ниязовтар баяндама оқыды.