2014 ЖЫЛЫ ИМПОРТ ҮЛЕСІ ТӨМЕНДЕЙДІ

2014 ЖЫЛЫ ИМПОРТ ҮЛЕСІ ТӨМЕНДЕЙДІҚазақстанда валюта айырбастау бағамын түзету салдарынан импорт үлесі төмендейді, деп хабарлады ҚР Статистика агенттігінің төрағасы Әлихан Смайылов ОКҚ брифингінде.
«Біздің есебіміз бойынша ішкі нарықтағы импорттың үлесі өткен жылдың қорытындысы бойынша 37% құрайды. Ал, бұл үлес биылғы бағам өзгеруіне орай төмендейтін болады», – деді Ә.Смайылов. 
Оның айтуынша, Үкіметтің жергілікті атқарушы органдармен және Ұлттық Банкпен қолданатын шаралары инфляция деңгейін 6-8% шегінде ұстап тұруға мүмкіндік береді. 
«Тұрақтандырма қорларының жұмысын жандандыру бойынша тапсырмалар жергілікті атқарушы органдарға берілді. Сондай-ақ жанар-жағармай материалдарының бағаларын бақылау күшейтілді. Бұдан өзге, экономикалық саясат бойынша Кеңес өткен жылдар деңгейінде 1,2 пайыздық пункт шегінде ТКШ реттелмелі қызметтердің салымы бойынша шекті бекітті», – деп басып айтты ол.

БИЛІК 18 ақпан 2014 г. 1 067 0