Сенат әскерилерді баспанамен қамтамасыз ететін заң жобасын қабылдады

Бүгін ҚР Парламанті Сенаты «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын қабылдады, деп хабарлайды Baq.kz.
Отырыста заң жобасын сенаторларға ҚР қорғаныс министрінің орынбасары Талғат Мұхтаров таныстырды. Оның айтуынша, аталған құжат баспанаға мұқтаж әскери қызметшілердің барлық санатын жеке тұрғын үймен қамтамасыз етуге бағытталады.
Кейін сенаторлар аталған заң жобысын қолдау дауыс беріп, маңызды құжат екінші оқылымда қабылданды.
БИЛІК 30 қараша 2017 г. 725 0