Цифрландыру қажет

Бүгін «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалының ұйымдастыруымен  дистанция бөлім басшылары арасында мемлекеттік саясаттың басымдықтарын кеңінен насихаттау, әрбір теміржолшының хабардарлығын арттыру мақсатында Елбасының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты  Жолдауының негізгі ережелері мен конституциалық реформаны түсіндіруде ақпараттық-насихаттық топ Белгі беру және байланыс дистанциясында кездесу өткізді.
Басқосуға   «Нұр Отан» партиясы «Теміржол» филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева, «Белгі беру және байланыс дистанциясы» БПҰ төрағасы  Әкімжан Қосанов, ақпараттық насихат тобы мен дистанцияның бөлім басшылары  қатысты.
Бұл ретте кездесуге келгендер ел дамуына қарқын беретін жаңа бағдар Елбасы Жолдауы– Қазақстанның Үшінші жаңғыруы туралы ойларын ортаға салып, пікірлерін білдірді. Бұл кезекте  ел экономикасын дамыту үшін цифрлық технологияларды қарқынды енгізудің маңыздылығына тоқтады.
«Теміржол» партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Базара Танбаева Жолдау мен реформаны жан-жақты түсіндіру, талқылау, ой-пікір алмасу ұсыныстар әзірлеу үшін осындай насихаттық кездесулердің жұмысы маңызды екенін атап өтті. Және қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етудің бірден-бір тетігі осындай түсіндіру жұмыстары дей келе «Жолдаудағы көрсетілген бағыттар әрқайсыға қатысты тікелей тапсырма деп қабылдауды, жалпы халықтық талқылауға салынған реформаларға  белсенділік таныту, Президент Жолдауынан туындайтын негізгі міндеттерін атап  оны орындауды және түсіністікпен қарау әрбір теміржолшының қосқан үлесі деп білеміз», деді.
«Белгі беру және байланыс дистанциясы» БПҰ төрағасы Әкімжан Қосанов теміржолшылар тарапынан Елбасы бастамасының табысты жүзеге асатынына сенетіндерін, Қазақстан Республикасы Конституциясына ұсынылған толықтырулар мен өзгерістерді толық қолдайтындарын және ерекше азаматтық жауапкершілікпен қарайтындарын білдірді. Жиынға қатысушылар цифраландыру кәсіпорындар мен жалпы еліміздің бәскеге қабілеттілігін, халықтың өмір сапасын арттыру үшін қажет деген тұжырым жасап тарқасты.
БИЛІК 10 қараша 2017 г. 820 0