МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ КІРУГЕ НИЕТТІЛЕР КӨП

Биыл 1 676 үміткер мемлекеттік әкімшілік қызметке кіру үшін тестілеуге қатысты. Оның тек 661 немесе 39,4% оң нәтижеге қол жеткізген. Бұл туралы бүгін Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қызылорда облысы бойынша департаменті Мемлекеттік қызмет басқармасының басшысы Еркебұлан Сарымбетов мәлімдеді.
Ал, 750 адам алғаш рет құқық қорғау органдарына кіру үшін тестілеуден өтті. Оның 314 (41,9%) шекті мәннен төмен емес нәтижеге ие болды. Жыл басынан бері облыс бойынша мемлекеттік органдарда 836 бос лауазымға орналасуға конкурстар өткізілді.
Конкурстарға 1 110 адам қатысып, орта есеппен бір орынға 1,3 адамнан келді. Нәтижесінде 504 үміткер бос лауазымдарға қабылданды. Жалпы, облыста 3 754 мемлекеттік қызметші бар.
БИЛІК 03 қараша 2017 г. 710 0