Облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің 3 түрі көрсетіледі. Солардың ішінде сұранысқа көп ие «Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет болып табылады.
«Өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына куәліктер беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты ҚР Инвестициялар және даму министрінің бұйрығы, регламент облыс әкімдігінің қаулысымен бекітілген. Аталған мемлекеттік қызмет министрлiктің «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы және www.egov.kz «электрондық үкімет» веб-порталы арқылы жүзеге асырылады.
«Электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы куәлік алу үшін, ең алдымен тіркелу сайтына (www.egov.kz) кіріп, сондай-ақ көрсетілетін қызметті алушы электрондық цифрлық қолтаңбасы қойылған электрондық құжат нысанында сұрау салу қажет. Ал мемлекеттік корпорация арқылы куәлік алу үшін, көрсетілетін қызметті алушы (не сенімхат бойынша оның өкілі) Мемлекеттік корпорацияға жүгініп, куәлік алуға өтініш беріп, одан әрі (қағаз түрінде) мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті құжаттардың тізбесін тапсырады.
Құжаттар тізбесі:
1) осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтiнiш;
2) кеме жүргізуші мамандығы бойынша оқу орнын бітіргені туралы дипломның не шағын көлемді кемелердің кеме жүргізушілерін даярлау жөніндегі курстарды бітіргені туралы куәліктің (анықтама) көшірмесі;
3) № 083/у нысаны бойынша медициналық анықтаманың көшірмесі;
4) 2,5х3,5 сантиметр мөлшеріндегі екі фотосурет;
5) жеке басты куәландыратын құжат (жеке басты сәйкестендіру үшін);
Осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 1-қосымшаға сәйкес көрсетілетін қызмет алушының электрондық цифрлық қолтаңбасымен куәландырылған электрондық құжат нысанындағы сұрау салу;
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алушы салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда жоғарыда көрсетілген құжаттардың нотариалдық куәландырылған көшірмелерін ұсынады.
Аталған құжаттар тізімі толық болған жағдайда куәлікті беру нәтижесі Мемлекеттік корпорация және www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы арқылы көрсетіледі.
Өздігінен жүретін шағын көлемді кемені жүргізу құқығына куәлік беру – емтиханды сәтті тапсырған кезден бастап 10 жұмыс күні ішінде, телнұсқасын беру – құжаттар топтамасын тапсырған кезден бастап 2 жұмыс күні ішінде, бұрын берілген куәліктің жарамдылық мерзiмi өткен жағдайда өздігінен жүретін шағын көлемді кемелерді жүргізу құқығына жаңа куәлікті 3 жұмыс күні ішінде ала алады.
Аталған мемлекеттік қызмет көрсету нысаны – электрондық және қағаз түрінде болады.