Аудандық мәслихат депутаттары латын әліпбиіне көшуді қолдайды

Сырдария аудандық мәслихатындағы «Нұр Отан»партиясы  депутатық фракциясының кеңейтілген  отырысы өтті. Онда Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласынан туындайтын қазақ тілін латын жазуына аудару мәселесі қаралды.
Отырысқа фракция мүшелерімен қатар, аудан ардагерлері, білім саласының қызметкерлері, аудандық партия филиалының, аудандық мәслихат аппаратының қызметкерлері, жастар және БАҚ өкілдері қатысты.
Аталмыш шара аудандық мәслихат хатшысыЕржан Әжікенов төрағалығымен өтті. Алғаш сөз алған фракция жетекшісі латын әліпбиіне көшу бүгінгі заманның талабы екендігіне тоқталды.
- Бүгінде қазақ алфавитін латын әліпбиіне көшіру біздің қоғамымыздағы басты тақырыптардың бірі болып табылады. Бұл ел дамуындағы ең маңызды оқиға. Ауыстыруды адамдар қолдап отырды, ал қазір халықтың жалпы қабылдайтын әліпбиінің осындай стандарттарын әзірлеу маңызды. Бұл үшін ғалымдар ұсынған жоба сарапшыларының және қарапайым қазақстандықтардың пікірін ескеру керек. Тілді реформалау бөлуші фактор емес, біріктіруші болуға тиіс»,-деп атап өтті.
Өз кезегінде сөз алған Тереңөзек кенті ардагерлері кеңесінің төрағасы Мұса Келдібаев, «Латын әліпбиіне көшу 6-7 жыл бұрын талқыланды. Қазіргі уақытта бұл іс жүзеге асу жолында. Бұл уақыттың талабы. Бұл қазақ тілінің тірі қалуы, әмбебап интеграция және мүмкіндіктерді дамыту екенідігін айтып,әсіресе жастардың мүмкіншіліктерін арттыратынын тілге тиек етті».
Фракция отырысында фракция мүшелері келелі пікірлерін ортаға білдіріп, Елбасының бағдарламалық құжатынан туындайтын латын әрпіне көшу мәселесін толықтай қолдайтындықтарын жеткізді.
БИЛІК 26 қыркүйек 2017 г. 980 0