Кеше «Нұр Отан» партиясының республикалық қоғамдық қабылдауы базасында ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова азаматтарды қабылдауды алғаш рет жаңа форматта - өңірлермен бейнебайланыс арқылы өткізді.
Министрдің қабылдауында болғандар негізінен еңбекке орналастыру, өз бизнесін жүргізуге шағын несиелер алу, зейнетақы төлемдерін қайта есептеу және әлеуметтік жәрдемақыларды төлеу мәселелері жөнінде жүгінді.
Министр әрбір өтінішке сергек қарап, толық және тұшымды жауап қайтарды.