« Қыркүйек 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |
Елде төтенше жағдай енгізілген кезеңде теңге бағамын тұрақтандыру, экономика салалары мен секторларының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін халық пен кәсіпкерлердің қаржылық жағдайын қолдау шаралары қабылданды. Бұл мақсатқа Ұлттық банк 1 трлн теңгеден астам қаржы бөлді.
Тұрғындарды жұмыспен қамтудың негізгі құралы ретінде Үкімет 2020-2021 жылдарға арналған «Жұмыспен қамтудың жол картасын» қабылдады. Бағдарламада 7 мыңнан астам жоба қамтылған. Оның 300-ден астамы – өнімді, перспективалы жобалар. Бұлар тұрақты жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Басты мақсат – инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асырып, жұмыссыздық деңгейін төмендету.
Облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының мәліметінше, бағдарламаға сәйкес Сыр өңірінде 276 жоба жүзеге асырылып, 9 299 жұмыс орны ашылады. Ал барлық жұмыс аяқталған соң 452 тұрақты жұмыс орны құрылмақ.
Оның ішінде:
– әлеуметтік, мәдениет салаларында 125 жоба – 3268 жұмыс орны, оның 314-і тұрақты;
– тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы саласында 42 жоба – 1658 жұмыс орны, оның 73-і тұрақты;
– инженерлік-транспорттық салада 62 жоба – 3474 жұмыс орны;
– абаттандыру бойынша 47 жоба – 899 жұмыс орны, оның 65-і тұрақты.
Жол картасы аясында өңірде әртүрлі салада 26 нысанның құрылысы жүргізіледі. Көптеген нысан күрделі, ағымдағы жөндеуден өткізіледі. Қызылорда қаласы мен Қазалы, Қармақшы, Шиелі аудандарының бірқатар елді мекенінде жаяу жүргіншілер жолы салынады. Облыстағы 23 көше жарықтандырылып, Қызылорда қаласында аялдамалар мен балаларға арналған ойын алаңдары орнатылады. Сонымен қатар, саябақтар мен аллеялар абаттандырылады.
Жол картасын іске асыруға 36 957 млн теңге көлемінде лимит белгіленген. Қауіпті індеттің таралуына байланысты көптеген тұрғын жұмыссыз қалғанын ескерсек, бөлінген қаржы мен қолға алынған шаралар өте маңызды. Бұл осындай отбасыларға жағдай жасап, жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік береді.
Төтенше жағдай кезінде кәсіпкерлер де қолдаудан құр қалып отырған жоқ. Шағын жəне орта кəсіпкерлікті дамыту мемлекеттік саясаттың басымдықтарының бірі екені анық. Ол экономикалық өсім мен жұмыс орындарының маңызды көзі саналады. «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы бойынша ел экономикасының үштен бірінен астам бөлігі шағын және орта кәсіпкерлікке тиесілі болады деген болжам бар.
Мықты мемлекет қуатты кәсіпкерлікке сүйенеді. Сондықтан бұл мәселеге мемлекет зор маңыз беріп отыр. Саланы қолдау бағытында Сыр өңірінде де жүйелі жұмыс атқарылып келеді. Облыстық кәсіпкерлік және туризм басқармасының мәліметіне сүйенсек, мемлекеттік бағдарлама аясында биыл жеке кәсіпкерлікті қолдау үшін жалпы сипаттағы трансферттер арқылы 1 млрд 710 млн, облыстық бюджеттен қосымша 1 млрд 712 млн теңге бөлу қарастырылған.
Оның ішінде:
– несиенің проценттік мөлшерлемесін субсидиялауға – 1 млрд 439 млн теңге (оның 50 проценті немесе 719,705 млн теңгесі «Даму» қорына субсидия төлеу үшін аударылды);
– несие бойынша кепілдендіруге – 240 млн теңге (оның 50 проценті немесе 120 млн теңгесі «Даму» қорына кепілдік төлеу үшін аударылды);
– гранттық қаржыландыруға – 21 млн теңге бағытталды.
Жыл басынан бері несиенің проценттік мөлшерлемесін субсидиялау құралы бойынша жалпы құны 1 081,2 млн теңгені құрайтын 33 жоба қаржыландырылды. Кепілдендіру құралына сәйкес жыл басынан бері жалпы құны 368,482 млн теңге болатын 18 жоба мақұлданды. Ал жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін ұсынылатын қайтарымсыз гранттарды конкурстық іріктеу төтенше жағдайға байланысты кейін өтетін болды.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен карантин жағдайында елімізде кәсіпкерлерге арналған шұғыл шаралар топтамасы әзірленді. Салықтық декларация тапсыру, салық төлеу мерзімі кейінге шегерілді. Өсімпұл да есептелмейді. Шағын және орта бизнесті қолдау үшін кәсіпкерлер салықтан уақытша босатылып отыр. Саланың жалпы ішкі өнім құрылымындағы үлесі 29,5 процентті құрайтынын, секторда 3 млн-нан астам адам жұмыспен қамтылғанын қаперге алсақ, мемлекет қолдауы қиындыққа тап болған сала өкілдеріне демеу болмақ.
Назерке САНИЯЗОВА,
«Сыр бойы».
« Қыркүйек 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | ||||||
2 | 3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 |
9 | 10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 |
16 | 17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 |
23 | 24 | 25 | 26 | 27 | 28 | 29 |
30 |