Сырдариялық Мереке Нұрғалидың мамандығы – медбике. Қазіргідей қиын кезде жұмыссыз қалған оған Үкімет қарасып, әлеуметтік төлемге қол жеткізді.
- Халықты қолдау шаралары дер кезінде қабылданды деп есептеймін. Бұл барлығы үшін үлкен қолдау болды, - дейді ол.
Қызылорда қаласының тұрғыны, бала күтімімен үйде отырған Назгүл Едіге де ең төменгі жалақы мөлшеріндегі мемлекет қолдауы үшін дән риза. Кейіпкерлеріміз ақшаны азық-түлік сияқты тұрмыстық қажеттілікке жұмсап, отбасының пайдасына жаратты. Бұл халықтың төтенше жағдай тұсында жұмыстан қысқарып, табысынан айырылған бөлігі үшін көмек болғаны рас.
Назерке САНИЯЗОВА,
"Сыр бойы".