ТЖ жарияланғалы 180-ге жуық қазақстандық жұмысқа орналастырылды

Мобильді жұмыспен қамту орталықтары төтенше жағдай кезінде Қазақстанның 174 азаматына еңбекке орналасуға көмектесті, - деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«174 қазақстандық төтенше жағдай кезеңінде Мобильді жұмыспен қамту орталықтары арқылы жұмысқа орналасты. Қазіргі таңда елімізде 31 Мобильді жұмыспен қамту орталығы жұмыс істейді. Оның 8-і – Нұр-Сұлтан қаласында, 11-і – Алматы қаласында, 10-ы – Шымкент қаласында және 2-еуі Жамбыл облысының Қордай ауданында орналасқан. Төтенше жағдай кезінде осы орталықтар арқылы 894 адам жұмысқа орналасуға жіберілді, оның ішінде 174-і жұмысқа тұрды. Тағылымдамадан өткеннен кейін жұмысқа орналасқандардың саны артады деп жоспарланған», - делінген Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабының Telegram-каналында.


Әлеумет 17 сәуір 2020 г. 594 0