« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Бүгінде кез келген құрылғының басқару тетігі бар. Былайынша айтқанда, пульт дейміз ғой. Теледидардан бастап, өзіңіз мініп жүрген көлікті те осы кішкентай тетікпен оталдырып, күн суықта сыртқа шықпай-ақ қыздырып келеміз. Енді бір мысал, аулаға кірерде қақпаны ашу үшін көліктен түсіп, үйге беттейміз ғой. Қазір мұны да пульт арқылы басқаратын болған.
Былтыр «Жастар жылында» «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша талапкерлерге 505 мың теңге берілді. Бұл мүмкіндікті пайдаланғанның бірі – Жансая Жүнісова. Көпбалалы ана «Қандай кәсіп ашуға болады?», «Менің қолымнан не келеді?», «Төрт балама жеткілікті уақыт бөліп, қасынан табылатын қандай іс бар?» деген сұрақтарды әуелі өзіне қойған сияқты. Бастысы ниет бар. Бірақ не істеу керегін білмей дал. Міне, осы жерде аймақтық кәсіпкерлер палатасының көмегіне жүгінген ол кәсіпкерлерге қажет бағдарламалармен танысып, отбасылық кәсіпті таңдайды. Отағасы Ғалым екеуі «Ақылды үй» жобасын қолға алады. Өрт сөндіру дабылы, турникет, дарбазаға автоматика орнату секілді жұмыстар осылай басталған.
– Күйеуім бұл кәсіптің қыр-сырын біледі, 8-9 жыл уақыт осы салада жүрді. Тапсырыс та жеткілікті еді. Сосын «неге істеп көрмеске» деп талпындық. «Жас кәсіпкер» жобасында арнайы бір мамандыққа оқытпаса да, кәсіп жайлы жалпылама айтты. Салыққа қатысты түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Қиындықтан қалай шығу керек екенін де атап өтті. Өзіміздің нақты мақсатымыз жайлы сұрады. Шынымды айтсам, менің мамандығым журналист, қолымнан жазудан басқа ештеңе келмейді екен. Бірақ, қорықпай отбасылық бизнесті таңдадым, – дейді Жансая Жүнісова.
Көпбалалы ана мемлекет қолдауымен алған қаржысын оңды-солды шашпай, қолдан келер іске, игілікті жұмысқа пайдаланды.
– Егер кәсіптен қиындық туындаса, палата қызметіне жүгінеміз. Кез келген мәселенің шешімін тауып береді. Арнайы кәсіпкерлерге көмектесетін орталықтың бар екенін білмейді екенмін. Электронды счет-фактураны да жақында естідім. Қалай тіркелу керегін білмеген соң, осында келдім. Мамандар үйретіп, көрсетіп берді. Осындайда мемлекет қолдауына қуанасың. Әсіресе, «Бизнес Бастау» жобасын атап айтуға болады. 60 жасқа дейінгі кез келген жұмыссыз оқып, 250 мың теңге көлемінде қаржы ұтып алуға мүмкіндігі бар. Жүрген жерімде осы жайлы айтып келемін. Мал бағумен де айналысып, өз-өзіңді қамтамасыз етуге болады. Тиімді емес пе? – дейді мемлекеттік бағдарламаның игілігін көрген жас отбасы.
Ерлі-зайыпты кәсіпкерлердің алдағы жоспары – тендерге қатысу. Ол үшін қыр-сырын үйрететін курс оқып, мәліметтер жинақтауда.
– «Ақылды үй» ЖК былтыр қыркүйек айында заңды тіркелді. Біз аудио, видеодомофон құрумен, камера орнатумен, автоматика, рольставни, секциондық қақпалармен айналысамыз. Сондай-ақ турникет, шлагбаум, күзет-өрт дабылын орнатамыз. Бәрі автоматтандырылған жүйемен жұмыс жасайды. Өздеріңіз білесіздер, «Ақылды қала» жобасы біртіндеп іске асуда. Үйіңізге кіріп келгенде жарық өзі жанса, пультті баса қалсаңыз болғаны, перде өзі ашылып, шай өзі қойыла берсе немесе үтігіңіз қосулы қалып, жұмыста отырып-ақ сөндіре алсаңыз керемет емес пе?! Міне, осындай дүниелерді қолға алсақ дейміз, – дейді отағасы Ғалым Мақашов.
Кәсіпкер атанып жүргендер көп. Ал отбасылық кәсіппен айналысатындар аз. Біз айтып отырған Ғалым мен Жансая уақытының көп бөлігін балаларымен өткізеді. Ғаламтор арқылы жұмысты жүргізіп, тапсырыс қабылдайды. Бүгінде зат сатудың да, танымалдылыққа ие болудың да, жұлдыз атанудың да мүмкіндігі әлеуметтік желіде екені жасырын емес қой.
Айтпақшы, қай істе болса да отағасына қолдау білдіретін қазақ әйелінің керемет үлгісін көрсеткен әріптесіміз Жансаяның бұл тәуекелі көп жастарға үлгі болатындай. Бір-біріне қолдау білдірген жас отбасының бизнеске басқан қадамына сәттілік тіледік.
Ержан БЕКМЫРЗАҰЛЫ.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |