« Ақпан 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 |
Ізбасар Ысқақов,
Жалағаш ауданы, «Еңбек-
Жер» ЖШС механизаторы.
– Ауылда туып, ауылда өстік. Сондықтан шаруашылықтың барлық түрі де бізге жат емес. Бозбала шағымда техника тілін білуге құштарлығым ерекше болатын.
Мамандық алысымен, ауылдағы қайнап жатқан тіршілікке араласып кеттік. «Еңбек-Жер» серіктестігінде 1984 жылдан бастап жұмыс істеп келемін. 1988-1991 жылдары Қызылорда облысындағы совхоз техникумда оқып, «Ауыл шаруашылығын механикаландыру» мамандығын алып шықтым. Қазіргі таңда 5 балам, 5 немерем бар. Қандай бір жетістікке қол жеткізсек, осы балалардың несібесі деп ойлаймын.
2013 жылдан бері еңбегімнің нәтижесіне қарай алғыс хаттармен, түрлі заттай сыйлықтармен марапатталдым. Өтіп бара жатқан жылда «Еңбек-Жер» ЖШС-ның төрағасы Искаков Шакизатхан су жаңа Лада Гранта автокөлігін сыйға тартты. Еңбегімді бағалаған шаруашылық төрағасына, ұжымдастарға алғысым ерекше. Елдің берекесі арта берсін!
« Ақпан 2025 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | |||||
3 | 4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 |
10 | 11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 |
17 | 18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 |
24 | 25 | 26 | 27 | 28 |