ЖАРҚЫН БОЛАШАҚҚА НЫҚ ҚАДАМ

Аймақ басшы­сы­ның есепті кез­десуінде ілкімді істер мен жү­зеге асқан жарқын жобалардың куәсі болдық. Со­ның ішінде білім саласындағы жаңа­шылдық, қар­қынды қадам қуантарлық. Салада жаңа серпін бар. Қазір оқу ошақтары сандық технологияға ден қойды. 

Электронды кітап, интерактивті карта мен тақта, автоматтандырылған күнделік жүйесі секілді ресурстар білім сапасын арттыру тұрғысында пайдаланылып келеді. Ұстаздар қауымы қағазбастылықтан арылуға мүмкіндік алды. Ата-анаға да жеңілдік жасалуда. Байқап қарасаңыз, бүгінде ата-ана баласының сынып журналындағы бағасын бақылауда ұстап, қажетті ақпарды дер кезінде ала алады. Сонымен қатар оқушылардың келешектің кәсібін меңгеріп, IT ілімді, робототехниканы игеруіне көңіл бөлініп келеді.

Ал, қала келбетін келістірудегі бастамалар жайлы ауыз толтырып айтуға болады. Қазір Сыр шаһары адам танымастай өзгерді. Көз сүйсінер зәулім ғимараттар ел игілігіне беріліп, демалыс орындары көбейді. Сол жағалау ауқымды құрылыс алаңына айналып отыр. Осының барлығы өңір келешегінің жарқын екендігін көрсетеді.

Бану ДОСМАХАНОВА,

№172 мектеп мұғалімі.

Әлеумет 17 ақпан 2019 г. 1 214 0