« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Өткен аптада облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес, қаладағы жатақханалардың техникалық жағдайын анықтайтын арнайы комиссия құрылған болатын. Кеше осы комиссия ұйымдастырған баспасөз туры аясында БАҚ өкілдері Жібек жолы көшесіндегі көпқабатты 2 «Б» үйде болды.
Оның іргетасы 1965 жылы қаланған, 83 пәтер орналасқан. Баспана осыдан бес жыл бұрын «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамыту» бағдарламасы негізінде күрделі жөндеуден өтіпті. Жөндеу барысында жертөле толығымен құрғатылған. Алайда, шатырдың дұрыс жабылмауы салдарынан бүгінгі күні үйдің бір жартысы аққан жауыннан ызаланып кеткен.
– Жаңбыр жауған сайын төбемізден су кетеді. Үнемі сүртіп, тазалап отырамыз. Дымқыл ауа денсаулығымызға кері әсерін тигізуде. Шатыры толық жабылып берілсе екен, – дейді тұрғын Нұргүл Базарова.
Жатақханаға қатысты мұнан өзге жол, жарық, мәселелері де өзекті болып тұр. Жауынды ауа райында есік алдымен жүру мүмкін болмай қалатын көрінеді.
Ал, «KZ Стройэксперт» ЖШС-ның бас маманы Марат Аппазовтың пайымдауынша, үй апаттық жағдайда емес. Дегенмен, жедел түрде жөндеу жұмыстарын қажет етеді.
Айта кету керек, қалада техникалық жағдайы анықталатын 22 жатақхана бар. Бұлардың барлығы дерлік толық тексерістен өтіп, комиссияның шешімі бойынша тиісті шаралар жүргізілетін болады. Комиссия алдағы он күн ішінде жұмыс жасап, нәтижесін 12 наурызда ұсынбақ.
Мейрамгүл ДАУЫЛБАЙҚЫЗЫ,
«Сыр бойы».
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |