Кездесуде аудандық партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Қ.Өмірзақұлы сөз сөйледі.
– Адамзат өндірістік революция кезеңіне қадам басты. Жаңа технологиялар әлемді күнде өзгертіп жатыр. Сондықтан біздер осы мүмкіндікті пайдаланып, елімізді дамыған 30 елдің қатарына қосуға ауқымды жұмыстар жүргізуіміз қажет, – деді ол.
Ұжымдық кездесу барысында Жолдау айқындаған 10 негізгі бағыт жан-жақты түсіндірілді. Теміржолшылар елді болашақ дамыту мен өсіп-өркендетуге бағытталған шараларды жүзеге асыруға дайын екендіктерін жеткізді.