«Нұр Отан» партиясының облыстық филиалы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты мүшелері жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп, «Мейірім» жобасын қайта қолға ала бастады.
Жоба мақсаты – әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға азық-түлікпен қолдау көрсету. Алда жобаның түрлі бағыттары бойынша жұмыс жандана түспек.