Тараз қаласында самбодан 2000-2002 жылдары туған жасөспірімдер арасында өткен Қазақстан чемпионатында Сыр спортшылары мойындарына 11 медаль тақты. Жерлестеріміз 5 алтын, 2 күміс, 4 қоламен жалпыкомандалық есепте екінші орынды еншіледі.
Жарысқа Астана, Алматы қалаларынан және облыстардан 400-ге жуық спртшы қатысып, өзара үздіктерді анықтады.
Самбодан жасөспірімдер арасында облыстың аға жаттықтырушысы Дархан Сержановтың айтуынша, жеңімпаз атанған спортшылар үстіміздегі жылдың мамыр айында Ұлан-Баторда өтетін Азия чемпионатына, қазан айында Тбилисиде өтетін әлем чемпионатына жолдама алып отыр.