Цифрлық технология – басымдыққа ие

«Адамзат өндірістік революция кезеңіне қадам басты. Жаңа технологиялар әлемді күнде өзгертіп жатыр. Қазақстан осы мүмкіндікті пайдаланып, дамыған 30 елдің қатарына кіру үрдісін тездетуі тиіс» деді Мемлекет басшысы Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында. 

Төртінші өндірістік револю­ция жағдайында елімізде жү­зеге асырылуы тиіс негізгі ба­ғыт­тарды айқындаған Елбасы индустрияландыру жаңа техно­ло­гияларды енгізудің көшбас­шысына айналуы керектігіне тоқталып өткен.  Халықтың әл-ауқатын жақсарту мақсатында жаңа заманауи дамыған техно­логияларды пайдалану қажеттігі айтылған. Соның қатарында ай­мақ­тардағы тұрғындардың жыл­­­дам хабарламалар, керекті құжаттарын электронды түрде алу, қоғамдық көліктерде цифр­лық технологияны пайдаланып, автобустардың аялдамаға қандай уақытта келетіндігін “Смарт сити” арқылы білуді қамтамасыз ету де бар. Осы жолда тиянақты және қажырлы еңбек етуіміз қажет.

Заманауи технологияларды құрылыс саласында да пайда­лану аса маңызды. Бұл ха­лықтың баспана мәселесін ше­шуге мүмкіндік береді. Елбасы Жолдауында қаржы секторын қайта жаңарту қажеттілігі ай­тылды. Бұл қадам еліміздегі банк секторын жандандырады. Қаржы секторы бойынша өзім қызмет жасап отырған «Қызылорда» автобус паркі» ЖШС-ның халыққа қызметті қоғам­дық көлік арқылы көрсе­туіне байланысты, қолма-қол ақшамен жұмыс жасауды цифрлық технологияға өт­кі­зу межесі бар.  Яғни, жолау­шылардың қоғамдық көлік қыз­метін пайдаланғаны үшін карточка арқылы төлем жасауын жүзеге асыру мақсатында бірша­ма жұмыстарды іске асыруды жоспарлаудамыз.

Президент адами капитал­дың сапасын арттыруды да сөз етті. «Халыққа сапалы білім алуы үшін, сапалы ме­ди­циналық қызмет көрсету үшін барлық жағдай жасалуы керек» деді Елбасы. Тиімді мемлекеттік басқару, жемқор­лықпен күрес және заңның үстемдігі – Жолдаудағы негізгі басымдықтар. Өздеріңізге бел­гілі, қолма-қол ақша жүрген жерде қызмет көр­се­туші мен қызметті пайдаланушылар ара­­сында заңсыз іс-әрекеттер орын алуы ықтимал. Мұндай жағдайларды негізгі туындатушы фактор бұл қолма-қол ақша болып табылады. Сондықтан, қоғамдық көліктерде қазіргі заманауи технологияларды пай­далана отырып, сервистерді жақ­сарту мақсатында қала хал­қын сапалы қызметпен қамтамасыз ету үшін біршама цифрлық технологиялардың басым­дықтарын пайдалану жос­парлануда.

Әлеумет 27 қаңтар 2018 г. 1 304 0