« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |
Қазақстан халқы үшін бұл Жолдаудың алатын орны ерекше. Халықтың ойы өзгеретін кез келді.
Ақпараттық технология әлемі білім ордалары мен өндіріс орындарынан шығып, енді тұрмыс әлеміне еніп жатыр. Ал біз оған дайынбыз ба? Үйлеріміз, энергияны үнемдеу, қауіпсіздік сақтау мақсатында “Smart” үйлерге айналуына дайынбыз ба? Егер біз жаңашылдықтардан алшақтап жүре берсек, елдің соңында қаламыз. Сол үшін осындай мәселені қозғаған бағдарлама, нақты баратын жолымызды көрсететін Жолдаудың дер кезінде шыққаны көңілге қуаныш ұялатады. Бұл Жолдаудағы ақпараттық технологияның экономикалық индустриялдық секторын өркендету үшін атқарылатын жұмыстарын толық орындасақ, алдағы 5 жылда Қазақ еліндегі әрбір азамат өз өмірінде келесі өзгерістерді байқаған болар еді.
1) Ақпараттық технологиялар мен баламалы энергияларды пайдалану арқасында энергия көздеріне деген шығын азайғанын сезеді, азаматтар шығындарды төлеу үшін кезектерде тұрмай-ақ кез келген жерден төлеуге мүмкіндік жасалады. Қағаз түбіршектер жойылып, барлығы жалпы сандық порталдарда сақталатын болады. Әрбір азаматтың әлеуметтік желіден бөлек тұрғын үй порталдарында барлық үй меншігіне қатысты құжаттар топтастырылады. Яғни, бұл жерден көретін нәтижеміз, азаматтар бос уақытын кезекте тұрып жүйкесін тоздырмай отбасына арнауына болады.
2) Агрокешен мен ақпараттық технологиялар байланысы бар дегенге мүмкін біреулер күлер, ал осы Жолдаудағы бағыттар орындалған уақытта Агрокешеніміз сапалы тауарлар ұсына бастайды. Ақпараттық технологиялар көмегімен мал шаруашылығын бақылап қана қоймай, олардан шығатын өнімді сапалы етіп алуға көмек береді. Егін шаруашылығында қолданылатын ақылды суғару мен интеллектуалды жүйелер арқылы өнімділікті бірнеше есе арттыруға болады.
3) Транспорттық-логистикалық тасымалмен айналысатын компаниялар жұмысы жеңілдей бастайды. Блокчейн технологиясын пайдаланған транспорттық компаниялар әрбір транспорттың кедергісіз тасымалдануына кепілдік жасай алады. Бастапқы орнынан тексеріліп өткеннен кейін тауары бар транспортты блокчейн технологиясы арқылы шифрлап соңғы нүктеде бірден дешифрлеуге болады. Ортада транзиттік мемлекеттерден кедергісіз өте береді.
4) Елімізде барлық мәліметтер жинақталып, орталықтандырылған уақытта шешім қабылдау тиімділігі де артады. Бұл үлкен мәліметтермен (Big Data) жұмыс деп аталады. Мысалға, Қызылорда облысының демографиялық өсімі мен төмендеуі, облыс азаматтарының денсаулығы, табатын табысы сияқты соңғы 5 жылдағы ақпараттарын сұрыптай отырып алдағы 5 жылда қандай өзгеріс болу мүмкін соны болжауға болады. Яғни Big Data арқылы сандық модельдеу жоспарлау үшін үлкен көмек береді. Сандар аймақтың дәл бейнесін көрсетеді.
5) Орта білім беру мекемелерінде ақпараттық технологияны игерту таңдау бойынша емес, жалпыға міндетті пән болып енгізіледі. Білім мекемелерін бітіруші түлек міндетті түрде ақпараттық технологияның бір саласын игеріп шығу міндеттеледі. Ол бағдарламалау болуы мүмкін, немесе модельдеу, не робототехника, немесе жүйе құрушы. Өйткені ЖОО игеретін мамандықтардың барлығында ақпараттық технологиялар үлкен орын алатын болады. Болашақта мамандықтарға өзгеріс енеді. Кейбір мамандықтар жойылады, жаңа мамандықтар шығады. Роботтарды пайдаланбайтын сала қалмайды.
6) Ауруханаға барған науқасты арнайы интеллектуалды жүйемен анализ жасап оның ауруын бүкіл әлемдік дәрігерлер базасы бойынша емін анықтап беруге болады. Электронды денсаулық паспортта науқасқа қай жерде қандай дәрігер қандай ем қолданды сол жазулы болады. Бұл, әрине, сапаны жақсартады.
7) Үкімет пен азаматтар арасындағы байланыс ақпараттық технологиялар әсерінен барынша жақындай түседі. Азаматтар өздерінің жолдаған ұсыныстары мен арыздарын онлайн түрде қай деңгейде тұрғанын бақылай алады. “Smart” контракт арқылы қосалқы шығындар азая бастайды.
Бұл, жоғарыда айтылғандардың барлығы алыста емес, бәрі дайын тұрған технология. Тек біздің ойымыз осы жайттарды қабылдау керекпіз. Цифрландыру бізге әлі ерте деген ойлар болмауы керек. Әрбір азамат өз ойын осы Жолдау аясында қайта жаңғырту қажет.
« Қараша 2024 » | ||||||
---|---|---|---|---|---|---|
Дс | Сс | Ср | Бс | Жм | Сб | Жс |
1 | 2 | 3 | ||||
4 | 5 | 6 | 7 | 8 | 9 | 10 |
11 | 12 | 13 | 14 | 15 | 16 | 17 |
18 | 19 | 20 | 21 | 22 | 23 | 24 |
25 | 26 | 27 | 28 | 29 | 30 |