БЕРІК ОТБАСЫ – ЕСІРТКІДЕН АЛЫС

«Отан – отбасынан басталады» демекші, отбасы – біздің отанымыз. Отбасы түсінігі жайлы ұғым әрқашанда менің жүрегімнің төрінен орын алады. Мен ынтымағы жарасқан қазақтың қарапайым шаңырағында дүниеге келіп, сонда өсіп келемін. Күнделікті өмірімде өзім шеше алмайтын жағдайлар туындаса, оны отбасыммен бірігіп отырып шешімін табамыз. Анам да әрқашан демеу болып, жанымнан табылады. Мен үшін отбасы бақыты деген осы деп ойлаймын. Себебі, отбасым мені әрқашан қолдайды, қорғайды. Менің отбасым – мызғымас берік отбасы. Отбасымның ұйымшылдығының арқасында   менің жаным тек жақсы іс жасауға құштар.

Отбасының қолайсыздығынан, түсінбеушіліктен балалар зиянды әдеттерге әуестенеді. Бірақ, оларды кінәлауға да болмайды. Себебі, олардың зиянды әдеттерге әуестенуіне бірінші қоршаған орта, екінші отбасы кінәлі. Заман алға жылжи береді. Сол заманның ағысына ілесу үшін адам тіршілігін жасайды. Азаннан кешке дейін жұмыста жүрген ата-аналар өз балаларына уақыт таба алмайды. Балалардың  теріс жолға түсуінің  бірден-бір себебі – осы. Отбасы жылуға, мейірімге толы болса, балалар әрқашанда  кешкілік зиянды әдеттермен  айналыспай, өзінің жылы ұясына асығады.

Зиянды әдеттердің ең соңғы сатысы есірткі пайдалануға әкеп соқтырады. Нашақорлыққа  көбінесе, жасөспірімдер шалдығады. Пайдаланған адам өз денсаулығына зиян екенін біле отырып, есірткіге тоқтау қоя алмайды. Нашақор ақша табуда ештеңеден тайынбайды, ұрлыққа да барады. Есірткінің жолында  ол қылмыскер атанады. Бұның бәрі біз үшін, сіз үшін керек пе?

Есірткісіз болашақ – ең жарқын болашақ. Болашағымыз нұрлы болсын десек, зиянды әдеттерден, есіртікіден бойымызды аулақ ұстайық. Салауатты өмір салтын ұстанайық. Отбасы – әр баланың ыстық ұясы. Мен ата-анама шексіз ризамын, өз отбасымды жақсы көремін.

 

Медет ДІЛМҰХАМЕД,

Бұқарбай батыр ауылы,

 №33 орта мектептің оқушысы.

Әлеумет 19 қаңтар 2018 г. 1 018 0