Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына қатысты сауалдар

 12. Қордың қызметі қалай бақыланады?
– Қор коммерциялық емес акционерлік қоғам болып табылады, оның бірден-бір құрылтайшысы және акционері – Үкімет. Қордың директорлар кеңесін Денсаулық сақтау министрі басқарады, құрамында қаржы вице-министрі, ұлттық экономика вице-министрі, Ұлттық банк төрағасының орынбасары, «Үкімет – азаматтар үшін» мемлекеттік корпорациясының басшысы бар, бұдан басқа тәуелсіз директорлар ретінде Литва медициналық сақтандыру қоры басшыларының бірі, сондай-ақ белгілі сарапшы – Салық төлеушілер қауымдастығының басқару кеңесінің төрағасы жұмыс істейді.
Қор қызметі қатаң түрде заңнама сәйкес жүзеге асырылады. Сатып алу (ережелері) тәртіптері мен тарифтерді Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді.  Қордың даму жоспары Ұлттық экономика министрлігінің талаптары негізінде құрылған және оның орындалуы 9 түрлі есеп беру бойынша бақыланады. Қордың қаржылық есебі қаржылық есеп берудің халықаралық стандарты (ҚЕХС) бойынша жасалады және тәуелсіз ұйым арқылы аудиттеледі. Одан бөлек, Қордың қызметін бақылау үшін мемлекеттік органдарға арналған 8 түрлі есеп беру нысандары қарастырылған.

13. Қор немен айналысады?
– Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, Қор еліміздің барлық тұрғындары үшін медициналық қызметтерді сатып алады.  Бұл МӘМС туралы Заң мен «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» кодексінде бекітілген. Тіпті, МӘМС аясында қызмет көрсету мерзімі өзгерген күннің өзінде, Қор базалық пакетті сатып алу шараларын қамтамасыз етуі тиіс. Сатып алу үшін барлық дайындық жұмыстары жүргізілді: Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтер сатып алудың жаңа Ережесін бекітті;  2017 жылдың 7 қыркүйегінен Қор мен аймақтық денсаулық сақтау басқармаларының сайттарында нарық қатысушылары үшін, оларды әлеуетті  жеткізушілердің бірыңғай дерекқорына енгізу туралы шақыру-хабарлама орналастырылды. 2018 жылдан бастап Қормен жұмыс жасағысы келетін медициналық ұйымдар өздерін жеткізушілер тізіміне қосуға өтінім бере алады, мұндай жағдайда Қор тапсырысты бар қаражаттан орындауға мүмкіндік қарастырады. Өтінім беру оңай, 3 құжат болса жеткілікті – өз өтініші, заңды тұлғалардың мемлекеттік тіркелуі туралы куәлігі (ЖК үшін – ЖК тіркелгендігі туралы куәлік) және жеке куәлігі, медициналық қызметке берілген лицензия көшірмесі және ақпараттық жүйелерді жүргізуге жауапты тұлға туралы мәліметтер.  Бірыңғай деректер қорына енген медициналық ұйымдармен конкурстық негізде келісімшарттар жасалады. Медициналық ұйымдармен алдын ала түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
2018 жылы медициналық қызметтер көрсеткісі келетін денсаулық сақтау субъектілері,1519 медициналық ұйым, олардың 45%-ы жекеменшік ұйымдар, деректер қорына өтінімдер берді. Өткен жылғы сатып алушы кампаниялармен салыстырғанда, медициналық көмектің негізгі көлемін орындауға өтінім берген денсаулық сақтау субъектілерінің саны 1,5 есеге артты.
Жеткізушілердің деректер қорын қалыптастыру жұмыстарының нәтижелері ойдағыдай. Акционерлер бекіткен Қордың даму стратегиясында жекеменшік ұйымдарды мүмкіндігінше көбірек тарту міндеті қойылған, бұл бүгіндері жүзеге асырылуда; сатып алу шаралары қараша айында аяқталады деп жоспарлануда, желтоқсан айында медициналық ұйымдармен медициналық қызметтер көрсетуге шартқа отыру (шарт жасасу) басталады. Жаңа Сатып алу ережесіне сәйкес, реттеуші қызметі сатып алушыдан бөлек. Мұндай қадам халықаралық тәжірибеге толықтай сай келеді.
Жаңа Сатып алу ережесі бизнес қауымының белсенді араласуымен жасалған, онда мынадай жаңа өзгерістер бар:
- конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар пакеті қысқартылған; - белгілі бір уақытта ғана емес, жыл бойы әлеуетті жеткізушілер дерекқорын жаңарту мүмкіндігі пайда болды.  Бұл қажет болған жағдайда қосымша медициналық қызметтер көлемін шұғыл сатып алуға  мүмкіндік береді;
- республика деңгейінде, облыстарда тұрақты жұмыс істейтін медициналық қызметтер сатып алу жөнінде комиссия құрылды. «Атамекен» ҰКП, Ұлттық денсаулық сақтау палатасы, кәсіподақтар, пациенттер мен денсаулық сақтау субъектілерінің мүдделерін қолдайтын ҮЕҰ осы комиссиялардың құрамына ену үшін өз  кандидатураларын ұсынды. Мұндай ұсыныстар конкурстық іріктеудің мейлінше ашық болуына жағдай жасайды, ал барлық қатысушылар шешім қабылдау үдерісінен теңдеу алыстатылады;
- сондай-ақ, қызметтер сатып алуға байланысты мәселелерді шешу үшін Қордың тұрақты жұмыс істейтін апелляциялық комиссиясы құрылды. Комиссия құрамына Денсаулық сақтау министрлігінің, «Атамекен» ҰКП, Ұлттық денсаулық сақтау палатасының және үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері кірді;
- жеткізушілермен жасалған шарттар медициналық көмек түрлеріне қарай, көбіне ана мен бала өліміне, аурудың  алдын алу скринингтерінің қамтылуы, асқыну жағдайында ауруханаға жатқызу, т.б.секілді нақты талаптар мен сапаның мақсатты көрсеткіштерін қарастырады.

Әлеумет 26 желтоксан 2017 г. 846 0