ЖЕКЕШЕ ӘРІПТЕСТІ АЙҚЫНДАУДА КОНКУРС ӨТКІЗУДІ ХАБАРЛАУ ЖӘНЕ КОНКУРС ҚҰЖАТТАРЫНЫҢ КӨШІРМЕСІН ҰСЫНУ ТУРАЛЫ

«Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Мемлекеттік-жекешелік әріптестік (бұдан әрі – МЖӘ) жобаларын жоспарлаудың және іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 25 қарашадағы № 725 бұйрығы негізінде «Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіндегі ауысымына 250 келушіге арналған емхананы салу және пайдалану» туралы жобасын іске асыру мақсатында жекеше әріптесті айқындауда конкурс өткізілетінін хабарлайды.

1. Жобаның мақсаты: Қызылорда қаласы Тасбөгет кенті және жақын орналасқан елді мекендердегі 35,2 мың халық тұрғындарына алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсетуде, сапалы медициналық қызметтердің көрсеткіштеріне қол жеткізу. Қала тұрғындарына білікті медициналық көмек қолжетімділігін арттыру, ауруханада стационарлық ағымын түсіру және алғашқы медициналық-санитарлық көмекті жетілдіру. Медициналық құрал-жабдықтар мен технологиялық жабдықтарды қоса алғанда нысанды материалды-техникалық жарақтандыру.

2. Жобаның құны:

МЖӘ жобасының құны – 2 522 994,3 мың теңге.

Жобалық-сметалық құжаттамаға сәйкес «Қызылорда қаласы Тасбөгет кентіндегі ауысымына 250 келушіге арналған емхана құрылысы» (2014 жылдың 29 қарашасындағы «Мемсараптама» РМК

№14-0486/14 мемлекеттік сараптама қорытындысы) ағымдағы деңгейдегі бағамен жалпы құрылысының құны – 2 273 112,4 мың теңгені құрайды.

3. Іске асыру мерзімі:

МЖӘ жобасының мерзімі: 2018-2037 ж. (20 жыл)

Құрылыс салу мерзімі: 2018 ж. (1 жыл)

Пайдалану мерзімі: 2019-2037 ж. (19 жыл)

4. Мемлекеттік қолдау шаралары:

Инвестициялық шығындардың өтемақысы (ИШӨ), операциялық шығын өтемақысы (ОШӨ), МЖӘ объектісін басқаруды жүзеге асыруға сыйақылар төлемі (БҮӨ), тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде мемлекеттік тапсырыс.

2. Жобаның техника-экономикалық талаптары:

1) жер телімінің көлемі 1,1 га;

2) жалпы ауданы 8576,2 м²;

3) құрылыс салу ауданы 2923 м².

3. Басты көрсеткіштері: Емханалық ғимараттың 3 блоктан (A, Б, В) және СЖА қазандық ғимаратын тұрады.

Емхана корпусы - 3 қабатты жертөлесімен техникалық төбесі жоспар бойынша жалпы көлемі 94,0х27,0, жертөлесі және негізгі қабат биіктігі 3,30 м, төбе шатыры -3,00м.

Ғимараты А Блогының: 1-қабатында жұқпалы аурулар бөлімі, эндоскопия бөлімі, сәуле диагностикасы; 2-қабатында мамандандырылған көмек бөлімі (аллерголог, невропатолог, психиатр, кардиолог және т.б. кабинеттер) 20 төсектік күндізгі стационар, 3-қабатында зертхана орналасқан.

Ғимараты Б Блогының: 1-қабатында күту залы, тіркеу орны және электрондық анықтама орналасқан, дәріхана, рентген бөлімі, 2-қабатында мамандандырылған көмек бөлімі (хирург, гинеколог, бас медбике, орта ота жасау залы, орау таңу бөлмесі); 3-қабатында физиотерапия бөлімі орналасқан.

Ғимараты В Блогының: 1-қабатында педиатриялық бөлімі, 2-қабатында мамандандырылған көмек бөлімі (ЛОР, окулист, ортопед, стамотолог, процедура т.б. кабинеттер); 3-қабатында әкімшілік.

4. Ұйымдастырушының байланысу деректері: Қызылорда қаласы, Қызылорда облысы, Қазақстан Республикасы, «Қызылорда облысының денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі, мекенжайы Абай даңғылы №27 3-қабат, 310-кабинет, тел.:8/7242/40-04-51, электронды пошта:іnfo@uzdr.orda.gov.kz, жауапты орындаушының А.Т.Ә: Бюджеттік бағдарламаларды жоспарлау және медициналық қызметтің көлемін орналастыру бөлімінің бас маманы: М.Ш. Асанова.

5. Жоба ұсынысын берудің түпкілікті мерзімі: 09.11.2017ж.
Әлеумет 31 қазан 2017 г. 757 0