ОҚУ-ЖАТТЫҒУҒА АРНАЛҒАН ШАРА

Қала шетінде орналасқан «TS «Оңтүстік жанармай» ЖШС-ның мұнай қоймасы отқа оранды. Лезде бұрқ еткен тілсіз жау алапат өртке ұласты. Бұл оқу-жаттығу шарасы еді.

Абырой болғанда, оқиға орнына лезде жеткен өрт сөндірушілер мен төтеншеліктер қауіптің бетін қайтарды. «ӨСжАҚЖҚ» жеке құрамы, «ОӨАЖҚЖ» құт­қару­шы­лары зардап шеккен адамдарды өрт ошағынан алып шықты. Оларға алғашқы медициналық көмекті «Апаттар медицинасы орталығы» мамандары көрсетіп, медициналық жедел жәрдем бригадалары дереу ауруханаға алып кетіп жатты.

Сәрсенбі күні арнайы мақ­сатта өткізілген тактикалық оқу-жаттығу болатын. Шынайы оқи­ғаға сәйкестендірілген төтенше жат­тығуға 325 адам атсалысып, 47 техника жұмылдырылды. Мұнай өнімдерінің өртін өшіру жөніндегі АҚҚ қызметтерінің, авариялық-құтқару құрамаларының, бас­қару органдарының, төтенше жағ­дай­лардың алдын алу және оны болдырмау жөніндегі комиссияның арнайы-тактикалық оқу-жаттығуы сәтті өтті.

Оқу-жаттығу ­басшысы – облыс әкімінің орынбасары С.Сүлейменов, оқу-жаттығу бас­шы­сының орынбасары – ОТЖД басшысы, полковник О.Бержанов тиісті бұйрықтар мен тапсырмалар беріп, нәтижесінде облыстық азаматтық қорғау қыз­метіндегі топтардың кез келген қауіптің бетін қайтара алар қауқары барын, мұнай сақтайтын резервуарларда өрт болған жағдайда түрлі жағдайларда жұмыс істеуі барысын көрсетті.

Оқу-жаттығу орны ­бойынша авариялық-құтқару және ава­рия­лық-қалпына келтіру жұмыс­тары аяқталған соң, команда басшылары штабқа жүктелген міндетті жоғары дәрежеде орындағаны туралы баян­дады.

 

Нұрбек ДӘУРЕНБЕКОВ.

Әлеумет 23 қыркүйек 2017 г. 736 0