Облыстық Қазақстан халқы Ассамблеясының ұйымдастыруымен «Достық үйінде» 22 қыркүйек – тілдер мерекесіне арналған «дөңгелек үстел» болып өтті.
Жиын барысында «Қоғамдық келісім» мекемесі директорының орынбасары Р.Ахметова сөз сөйлеп, еліміздегі 130-дан астам ұлттар мен ұлыстарды ынтымақ пен бірлікке ұйыстырған татулық пен достық екенін атап өтті.
Қазақстан демократиялық зайырлы мемлекет болғандықтан, республикамызда тұратын барлық ұлттарға өз мәдениеті мен тілін үйренуге мүмкіндік жасалған. Осы орайда, «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды. Облыстық тілдерді оқыту орталығының директоры Н.Мұсаева осы мәселелерге тоқталып, бағдарлама мақсатын тілге тиек етті. Сондай-ақ, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті «Шетел тілдері және аударма» кафедрасының оқытушысы Ким Да Мин тіл үйретуде барынша жеңіл әдістерді қолданатынын айтты. Татар этномәдени бірлестігінің жетекшісі Г.Гизатулина әр ұлттың өз ана тілі болатынын, татар және қазақ тілдерінің бір-біріне жақын екенін сөз етті.
Шара соңы еркін пікір алмасуға ұласып, жиынға қатысушылар өз ойларын ортаға салды.
А.ЖҰМАДІЛДАҰЛЫ.