Тәуелсіз еліміздің тұғыры бекіп, туы биікте желбірегеніне ширек ғасыр уақыт өтті. Осы уақыт аралығында сан түрлі сындарлы кезеңнен өтіп, саяси бағытын айқындаған еліміз жаһандық даму сатысында озық өркениетті отыз елдің қатарына ену мақсатын алға қойды. Әрине, бұл әзірге арман. Дегенмен, арман-мақсатымыз қаншалықты биік болса, аяқ алысымыз да соған лайық қарқынды болары сөзсіз.
Елбасы «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында еліміздің таяу жылдардағы даму қарқынын рухани жаңғыруға бағыттау қажеттігін атап көрсетті. Онда білім сапасын көтеруге баса назар аударып, жас ұрпақтың туған өлке тарихын терең білуіне, ғылыми технологияны еркін игеруіне мүмкіндік жасау, кәсіби даяр¬лау¬ды жаңаша реформалау сияқты жаңа міндеттер жүктеді.
Сол міндеттердің ең басында мемлекеттік тілдің латын графикасына негізделген жаңа әліпбиін қабылдау мәселесі тұр. Бұл әлемдік ақпарат алмасу үшін аса маңызды әрі қолайлы таңдау екені баршамызға түсінікті. Себебі, қазіргі таңда жаһан халықтарының 70 пайызға жуығы латын әліпбиін қолданады. Сондықтан бұл бастаманың іс жүзіне асуын ел болып қолдауға тиіспіз.
Бибайша МҮСІЛІМОВА,
Құрылыс және бизнес колледжі директорының орынбасары.