Елбасының мемлекеттік тіліміздің латын графикасындағы жаңа әліпбиін қабылдау жөніндегі бастамасы уақыт талабынан туын¬даған шешім. Бұл мәселе қоғамда қызу талқылану үстінде. Еліміздің саясаткерлері, ғалымдары, тіл мамандары байыпты бастаманың ел болашағы үшін маңызды қадам екенін айтады. Әсіресе, жас ұрпақтың бүгінгі қоғамның, өмірдің талабына сай ғылым мен технологияның жаңалықтарын еркін игеріп, әлемдік деңгейде ақпарат алмасуына мол мүмкіндік ашылады.
Жасыратыны жоқ, қазақ сыныптарына орыс тілінен дәріс беру барысында біршама қиындықтар туындайтыны белгілі. Өйткені орыс тілінің грамматикасы мен орфографиясы, тіл қолданысының барлық заңдылықтары мен ережелері кириллица әліпбиіне сай жасалған. Дегенмен, алғашқы кездегі қиындықтарға дес бермей, біз бұл бастаманы қолдауға тиіспіз. Өйткені бұл мемлекеттік тіліміздің болашағына бағытталған қадам.
Мәселен, бізге дейін латын графикасына көшкен Әзербайжан, Өзбекстан елдері де осы жолдан өткені белгілі. Сондықтан олардың тәжірибесін жан-жақты қарап, әріптердің, дыбыстардың өзгерісіне байланысты ¬барынша қо¬лайлы, дұрыс шешім қабылдай білуі¬міз қажет. Қорыта айтқанда, бұл тарихи таңдау – өмір талабына сай өзгеріс.
Дариха СӘРСЕНОВА,
Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті.