МҮМКІНДІГІ ШЕКТЕУЛІ ЖАСТАР ҮШІН ОҚЫТУ КУРСТАРЫ ӨТТІ

Мүмкіндігі шектеулі жастар – қоғамның бір мүшесі. Ата заң бойынша азаматтарымыздың білім алуына, жоғары және арнаулы орта оқу орындарында оқып, кәсіп игеріп, жұмыс істеулеріне толық құқы бар.
Дегенмен  кейбір жандар денсаулығындағы кінәратқа байланысты осы мүмкіндіктерді толық пайдалана алмауы да мүмкін. Алайда мемлекеттік қолдаулар негізінде мүмкіндігі шектеулі жастар да өз кезегінде біліктіліктерін артырып, оқыту курстарынан өтуде.
Үстіміздегі жылдың маусым айының 5 мен 30 аралығында Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында «Асыл мұра – Орда» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен қолөнер шеберлігін арттыру , компьютерлік біліктілігін жетілдіру, ұсақ техникаларды жөндеуден оқыту курстары өткізілді.
Аталмыш курстарға  мүмкіндігі шектеулі  45 жас қатысып, қазіргі таңда солардың 4-еуі жұмыспен қамтылды. 6 мүмкіндігі шектеулі жас тәжірибеден өтуде. Оқыту курстарын білікті мамандар, өз салаларының шеберлері жүргізіп, жастар нәтижесін де көрсете білді.

«Асыл мұра – Орда» қоғамдық қоры баспасөз қызметі
Әлеумет 07 тамыз 2017 г. 871 0