Өнертапқыштардың да ойлап таппайтын, ғалымдардың да зерттемейтін тақырыбы жоқ. Жақында британиялық зерттеушілер адамның өтірік айтқанын жазуына қарап анықтайтын бағдарлама жасап шығарыпты.
АҚПАРАТ
30 қазан 2018 г.
469
0
Жанқожа батыр атындағы ауыл – Қазалы ауданындағы ең көрікті мекеннің бірі. Тіректі елді мекендегі асфальт жолдар, жарқыраған түнгі жарық, жаз күндері жайқалған жасыл желек, сапалы ауыз су, еңселі балабақша, әсем спорт кешені, мәдениет үйі, мектеп, жаңадан бой көтеріп жатқан мешіт, саябақ – бәрі-бәрі мұндағы ағайынның берекелі тірлігін аңғартады.
АҚПАРАТ
30 қазан 2018 г.
442
0
Мемлекет басшысының «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» тақырыбындағы Қазақстан халқына кезекті Жолдауына сәйкес, облысымызда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы мен табиғи монополиялардың қызметі үшін белгіленетін тарифтер саласында тәртіп орнату мақсатымен батыл шаралар қабылдау мәселесіне қатысты бірқатар шаралар атқарылуда.
АҚПАРАТ
30 қазан 2018 г.
440
0
Аудиокітаптар ыңғайлы әрі тиімді, дегенмен, ақпарат есте қалу үшін баспа кітаптарды оқыған дұрыс.
АҚПАРАТ
29 қазан 2018 г.
522
0
Жаза мерзімінің аяқталуына байланысты «Қақпа алдында кездесу» әлеуметтік жобасының аясында ЗК-169/5 мекемесінен З.Каубасовты шығарып салу шарасы өтті.
АҚПАРАТ
29 қазан 2018 г.
469
0
Шәкең Сырдарияның «Ақлақ» тоспасынан екі шақырым жердегі Терістүбек деген ауылда дүниеге келген. Ауылдың алдындағы Баян көлі бір жағы теңізбен, бір жағы дариямен шектеседі. Елдің негізгі кәсібі – балық аулау. Олар екінші сыныпта жүріп-ақ ата кәсіпті де, құс атуды да үйреніп алыпты. Соғыс жүріп жатқан 1942 жылы әкесі Дәрмағанбет пен оның серіктесі Елеместі еңбек армиясына алып кетті. Содан колхоз басқармасы Байтақ Бүркітәлі екеуін оқудан шығарып алып, «әкелеріңнің жоспарын орындайсыңдар» деп балыққа жіберді. Мектеп директорының көнбеске амалы жоқ, қорқады, оны да еңбек армиясына жіберуі мүмкін. Жоспар дегеніңіз анау-мынау емес, 104 центнер, оған қоса 40 ау, қайық, құрал-жабдықтар бар. Олардың әкесі теңізден балық аулайтын еді, он үш жасар болса да қорықпай өркеш-өркеш толқыны бар теңізге шықты. «Аралбалық» комбинатының бастығы «Возрождение» аралынан шемейка аулауға әскерилерден рұқсат алады. Үлкен кемеге қайықтарын тіркеп, тау-тау толқындармен алысып, оған да жетті. Әскери аралға жақындатпайды. Бірақ балық көп, еңбектері қайтып бірнеше күнде олжалы оралды. Содан күзгі суық түскенде қарашаның аяғында ғана оларды босатып, мектепке баруға рұқсат берді. Басқарма әкелерінің жоспарын артығымен орындағандарын айтып, арқаларынан қағып, айлық жазып шығарып салды. Міне, соғыс балалары осылай есейген еді. Қаратереңде онжылдықты бітіргеннен кейін ол Қызылорда педагогикалық институтына оқуға түсті.
АҚПАРАТ
28 қазан 2018 г.
570
0
Күздің жиын-терім аяқталып, арқаны кеңге салған осы шағы асып-тасыған берекесімен ерекше. Әсіресе, ерте көктемнен бері бел жазбай еңбек еткен диқан қауымның алаң көңілі саябыр тапқан. Бұйырған несібені қамбаға құйып, қыстық отын-көмірді қамдап, мал азығын жинап алған ағайынның да қарбалас тірліктен қолы босағаны байқалады. Берекелі маусымға тән тағы бір өзгешелік бар. Балапанды күзде санайтын әдетпен шаруашылықтардың жауапты кезеңді қалай қорытындылағаны таразыға тартылады. Жеңімпаздар анықталып, үздіктер төрге шығып, еңбектері еленетін уақытты еңбек адамдары асыға күтетіні анық. Осындай берекелі шақта қала іргесіндегі Сырдария ауданына қарасты «Бесарық» шаруашылығына жолымыз түсті.
АҚПАРАТ
28 қазан 2018 г.
780
0
Биыл жаңа форматта енгізілген атаулы әлеуметтік көмек өз кезегінде еңбекке жарамды азаматтардың жеке қосалқы шаруашылығын, шағын кәсіпкерлігін дамытып, көптеген отбасының кіріс көзін арттыруға септігін тигізді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Алтын Есқараева осылай деді.
АҚПАРАТ
28 қазан 2018 г.
511
0
Қазан айының соңғы жексенбісі – әлеуметтік қорғау жүйесі қызметкерлерінің күні. Кәсіби мерекеге орай, облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы, облыстық кәсіподақ комитетінің ұйымдастыруымен №2 Қызылорда арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталығында спартакиада өткізілді.
АҚПАРАТ
28 қазан 2018 г.
467
0
Облыс орталығындағы “Достық үйінде” корей халқының батыры Хон Бом Доның туғанына 150 жыл толуына арналған тарихи-танымдық конференция болып өтті. Шараға Корея Республикасынан келген делегация жетекшісі Хон Сон Док, “Хон Бом До” ассоциациясының жетекшісі Хван Вон Соп, облыстық ҚХА жанындағы құрылымдар мен этномәдени бірлестіктердің, ҮЕҰ өкілдері қатысты.
АҚПАРАТ
28 қазан 2018 г.
522
0