Нұрбақыт – күміс жүлдегер

Жерлесіміз Нұрбақыт Жұмабек Иран астанасы Тегеранда каратэ-до спортының киокушинкай түрінен өткен жарыста күміс жүлдегер атанды. Халықаралық жарысқа 12 мемлекеттен 800-ден астам спортшы қатысты. 
АҚПАРАТ 05 наурыз 2019 г. 662 0

«Шұғыланың» шуақты күндері

«Шұғыла» балабақшасы аудан көлемінде өзіндік орны бар, көпшіліктің ықыласын иеленіп жүрген ұжым. Ұжымның қалыптасу тарихы да аса бай. Сонау кеңес заманында, 1967 жылы салынған ғимараттағы балабақша алғашқыда  «Солнышко» деп аталды.  Іс қағаздары да,  жұмысы да түгелдей орыс тілінде жүргізілді. Тәрбиеленушілері де Қазалыны мекендеген сан ұлттың перзенттері болатын. 
АҚПАРАТ 05 наурыз 2019 г. 322 0

Құтты қонысымыз – Қазақстан

Бір кездері саясаттың салқынымен туған жерінен ауа көшіп, табиғаты бөтен, тұрмыс-тіршілігі бөлек қазақ жеріне қоныстанған Пактар әулетінің қызы Лилия кішкентайынан қазақ балаларымен қатар өсті. Әлі есінде, өзі құралпы қазақ қыздарымен бірге ойнап жүріп, шоққа піскен ып-ыстық тапа нанды таласа-тармаса бөлісіп жейтін. Сондайда қариялардың қабағынан жылылық көріп, маңдайынан сипаған алақанынан мейірім шуағын сезінетін. 
АҚПАРАТ 02 наурыз 2019 г. 352 0

Алмалылықтар неге алаңдайды?

Шиелі ауданындағы көрікті елді мекеннің бірі Алмалы еді. Бұл ауылда кеңестік кезеңде жеміс-жидек пен көкөніс өндіретін үлкен шаруашылық жұмыс істеп тұрды. Жүздеген гектар жерге алма мен жүзімді жайқалтып, оған қоса көкөніс пен бақша дақылдарын да  егетін. Жеміс-жидек, көкөніс, бақша өнімдерін консервілейтін зауыты да еңбек өнімділігін арттырып тұрғаны анық. Бейнеткеш диқандардың атағы аспандап тұрды сол кезде. Жұмыстары өнімді болған соң, жергілікті халықтың да тұрмыстық жағдайы жақсы болғаны рас. Қоғамдық өзгерістер белең алған нарықтық уақытта да ауыл тұрғындары тырбана еңбек етіп, нәпақаларын адал кәсіппен табуға тырысып-ақ келеді. Алайда, олардың көңілдеріне мына бір жағдай қаяу салатындай.   
АҚПАРАТ 02 наурыз 2019 г. 471 0

Әлемге үлгі болған бастама

Биыл «Невада-Семей» халықаралық қозғалысының құрылғанына 30 жыл. Осыған орай «Тағзым» алаңында митинг өтіп, ескерткішке гүл шоқтары қойылды. Митингке облыс әкімінің орынбасары Р.Рүстемов қатысты.
АҚПАРАТ 02 наурыз 2019 г. 320 0

Мал шаруашылығының иелерімен бірлесе жұмыс істеуге дайынбыз

«Қазақ ғылыми-зерттеу ветеринария институты» ЖШС – іргетасы 1905 жылы құрылған республикадағы ветеринария саласының қарашаңырағы.
АҚПАРАТ 28 ақпан 2019 г. 762 0

2019 жылға әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін бекіту туралы

«Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 30 наурыздағы № 282 бұйрығымен бекітілген әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеу Қағидасының 7-тармағына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11245 болып тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
АҚПАРАТ 28 ақпан 2019 г. 414 0

Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу қызметі автоматтандырылды

«Цифрлы Қазақстан» бағдарламасының үшінші бағыты бұл – мемлекеттік органдар жұмысының сапасын арттыру болып табылады.Аталған бағыт бойынша Әділет департаментінде тіркелетін мәслихаттар, әкімдіктер, әкімдер және тексеру комиссияларының нормативтік құқықтық актілері 2018 жылдың 24 шілдесінен бастап түгелдей электронды форматқа ауыстырылып, электронды тіркеу мемлекеттік органдардың интранет-порталы (бұдан әрі – МО ИП) арқылы жүзеге асырылып жатыр.  
АҚПАРАТ 28 ақпан 2019 г. 334 0

Мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының айырмашылықтары

«Атқарушылық iс жүргiзу және сот орындаушыларының мәртебесi туралы» Қазақстан Республикасының Заңында мемлекеттік және жеке сот орындаушыларының құзыреттіліктері айқындалып, айырмашылықтары белгіленген.
АҚПАРАТ 28 ақпан 2019 г. 626 0

Түсіндірме берді

Өткен сенбіде қала іргесіндегі Қарауылтөбе ауылдық округіндегі газ баллонының жарылуы және Арал ауданы Қамыстыбас ауылдық округіне қарасты Сорбеткей елді мекеніндегі бастауыш мектеп мұржасынан өрт шығу оқиғаларына байланысты өңірлік коммуникациялар қызметінде тиісті сала өкілдері брифинг берді.
АҚПАРАТ 26 ақпан 2019 г. 296 0