Жеке табыс салығы бойынша өзгерістер

Елбасының бес әлеуметтік бастамасының екіншісі – жалақысы төмен азаматтардың салықтық жүктемесін азайтуға бағытталғаны белгілі. «Жа­ла­қысы 25 еселенген ай­лық есептік көрсеткіштің мөл­ше­рінен төмен қызметкер үшін табыс салығының мөлшері 10 есеге азайтылатын болады. Және бұл тәртіп 2019 жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енуі керек», – деген болатын Президент.
АҚПАРАТ 12 наурыз 2019 г. 354 0

Сот жүйесіндегі өзгерістер жұмыс сапасын арттырады

«Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне меншік құқығын қорғауды күшейту, төрелік, сот жүктемесін оңтайландыру және қылмыстық заңнаманың одан әрі ізгілендіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының ережелері биылғы жылдың 3 ақпанында заңды күшіне енді. Аталған Заң — Елбасының «Ұлт жоспары» және сот төрелігінің сапасын арттыру мен сот жүктемесін төмендету туралы тапсырмасы шеңберінде жүзеге асырылған сот реформаларының жалғасы. Бұл заңға қатысты жұмыстар 2018 жылы «Сот төрелігінің жеті түйіні» бағдарламасы шеңберінде жүргізілді.
АҚПАРАТ 11 наурыз 2019 г. 559 0
Елдің болашағы - жалынды жастар қолында

Елдің болашағы - жалынды жастар қолында

Қазақстанның дамыған, бәсекеге қабілетті және әлемдегі беделді мемлекеттер қатарында қалыптасып әрі қарай дамуы үшін бүгінгі жастардың қоғамдағы рөлі мен тың ізденістерінің орны ерекше.
АҚПАРАТ 11 наурыз 2019 г. 545 0
Жоғары білім мен іргелі ғылымның көшбасшысы

Жоғары білім мен іргелі ғылымның көшбасшысы

   Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстандықтардың әл-ауқатының өсуі: табыс пен тұрмыс сапасын арттыру» атты Жолдауында экономикамызды өркендетудің, тұрмыс сапасын арттырудың негізі шағын және орта бизнесті дамыту, қаржылық сауаттылықты арттыру, іскерлік, инновациялық орта қалыптастыруда екендігін нақтылап өткен болатын. Жолдаудағы еліміздегі ғылым, экономиканың даму мәселелерін шешуде жоғары білімді, бәсекеге қабілетті мамандар буынын қалыптастырудың маңызы зор екені де айтылды. 
АҚПАРАТ 10 наурыз 2019 г. 677 0
Көлікті абайлап жүргізіңіз

Көлікті абайлап жүргізіңіз

Қызылорда гарнизонына қамтамасыз ету жөніндегі әскери полициясының бастығы әділет майоры Н.Сейдуалиев және қатардағы жауынгер Ж.Искендировтың ұйымдастыруымен ҚР ҚК қарасты өңіріміз бойынша орналасқан 66597, 10216 Д, 10216 Ж әскери бөлімдері және 36739 Әуе қозғалысын реттеу орталығы, Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті, Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Әскери кафедрасы», Қызылорда теміржол учаскесі мен станциясындағы әскери тасымалдар комендатурасының жол көлік оқиғаларын болдырмау және алдын-алу жөніндегі дәріске жауапты лауазымды офицерлер құрамына арналған жиын  өткізілді.
АҚПАРАТ 07 наурыз 2019 г. 846 0

Облыстық ғылыми-теориялық конференция

Елбасы Н.Назарбаев «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласында елдігімізді іргелендіріп, тарихымызды ұйытатын,  ежелгі дәуірден бүгінгі күнге дейінгі кезеңді қамтитын Ұлы даланың жеті қырын атап көрсетті. Мақалада көтерілген мәселелер жан-жақты ой елегінен өткізіп, терең зерделеуді талап етеді. Себебі бұл біздің дүниетанымымыздың, халқымыздың өткені мен бүгінінің және болашағының іргелі негіздеріне тікелей қатысты. Бұл мақала ғана емес, мазмұны терең, ауқымы өте кең, ұлт руханиятын ХХІ ғасыр биігіне көтеретін бағдарлама деуге де болады.
АҚПАРАТ 07 наурыз 2019 г. 652 0

Алғыс арқалаған арулар

Облыстық медициналық орталықтағы көз аурулары бөлімшесінде Сәкен Шілманов атты алтын қолды дәрігер бар. Осы азаматтың арқасында жанарым жарық дүниені көруге жараған жанның бірімін. Талай жанға жарық сәулені көру бақытын бұйыртқан дәрігерге алғысым шексіз. 
АҚПАРАТ 07 наурыз 2019 г. 329 0

Қыздар арасындағы турнир

«Мұз айдыны» спорт кешенінде халықаралық әйелдер күні мерекесіне орай мемлекеттік қызметшілер арасында волейболдан облыстық турнир өтті.
АҚПАРАТ 07 наурыз 2019 г. 354 0

Әріптестік – үлкен мүмкіндік

Бүгінгі күні пайдаланылмай тұрған жерлер көп. Сырдария, Шиелі, Жалағаш аудандарында бір­қатар аумақты ашуға мүмкіндік бар. Жаңа суармалы жерлерді айналымға енгізуді мемлекеттік-жекешелік әріп­тестік ме­ханизмі арқылы қаржы­ландыру моделі суармалы жер­лердің көлемін ұлғайтуға үлкен мүмкіндіктер береді.
АҚПАРАТ 07 наурыз 2019 г. 266 0

Головкин Альвареске талап қойды

Геннадий Головкин мексикалық Сауль «Канело» Альвареспен үшінші кездесу өткізуге дайын. Әйтсе де, отандасымыздың өз шарты бар. Бұл туралы WorldBoxingNews хабарлайды. 
АҚПАРАТ 05 наурыз 2019 г. 619 0