Қарт майдангер тілегі

Санаулы уақыттан соң Жеңіс күні де келеді. Биыл елімізде айтулы мерекенің 74 жылдығы тойланады. Бір өкініштісі, бізге жеңісті жақындатқан майдангерлер қатары жыл өткен сайын сиреп барады. Мереке қарсаңында соғыс ардагері Әбдірауық Сатыбалдиевпен жүздескен болатынбыз. Ата жақсы көңіл күймен қарсы алды.  Бұрынғыдай емес, құлағы ауыр еститін болыпты, бірақ, жүзінен өмір сүруге деген құлшынысын аңғарасың. Мұны әңгімелесу барысында атаның келіні де ерекше әсермен айтып берді. 
АҚПАРАТ 28 сәуір 2019 г. 327 0

Өнегелі өмір

Осы мақаланы жазарда қатты толқыдым. Сосын «Сыр өңірінің ардақты азаматтарының бірі, бар өмірін елдің тыныштығын қорғау жолына арнаған тұлғалы ағамыз жайлы қалам тербеу қиын болғанымен, ғұмыр бойы ағайынның татулығын сақтап, соңғы демі таусыларда бірлікті аманаттан кеткен абзал ағаға сөз арнамасақ, қалам ұстап не керек, – деген ой келді. Ағаның жастық кезеңі  Талсуат елді мекенінде өтті. Дүниеден өткеніне 15 жыл толып отыр.
АҚПАРАТ 28 сәуір 2019 г. 403 0

Татуласудың тіні – тұрақтылықта

Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаев  халыққа арнаған Жолдауында: «Құқықтық саясаттың маңызды мәселесі азаматтардың Конституция кепілдік беретін сот арқылы қорғалу құқығын жүзеге асыруы болып табылады. Бұл үшін сот төрелігін жүзеге асыру процесін оңтайлату, оны басы артық бюрократиялық рәсімдерден арылту керек.
АҚПАРАТ 28 сәуір 2019 г. 293 0

Балаларға қауіпсіз интернет

Жуырда облыс көлемінде  «Қауіпсіз интернет» республикалық ақпараттық кампаниясы ұйымдастырылды. Кампания аясында Абылай хан атындағы №140 орта мектебі бірқатар шара өткізді. 
АҚПАРАТ 28 сәуір 2019 г. 275 0

«Бабалар рухына тағзым»

Шымкент қаласында “Баба­лар рухына тағзым” атты рес­публикалық танымдық жиын өтті.
АҚПАРАТ 27 сәуір 2019 г. 379 0

Қорқыт мұрасы мәңгілік

ҚР Тұңғыш Президенті-Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласында ұлт мә­де­ниетін жаңғырту бағытында көп­теген тың идеялар ұсынды. Мә­селен, «Дала фольклорлары мен музы­касының мың жылы» деген та­рауында Мемлекет басшысы: «Бұл жоба ая­сын­да бізге «Дала фольклорының ан­тологиясын» жасау керек. Мұнда Ұлы дала мұрагерлерінің өткен мың­жылдықтағы халық ауыз әдебиетінің таңдаулы үлгілері-ерте­гілері, аңыз-әфсаналары, қисса­лары мен эпостары жинақталады» – деп атап өтті.  
АҚПАРАТ 27 сәуір 2019 г. 392 0

Жастар жобасы

Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің ұйымдастыруымен  «Сабақтастық. Әділеттілік. Даму» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция болып өтті. Бұл шараға университет студенттерінен бөлек, Қожа Ахмет Яссауи атындағы қазақ-түрік университетінің білім алушылары қатысты. Жастар шығармашылығын ынталандыру және бәсекеге қабілетті болуға тәрбиелеу мақсатында өткен конференция екі бөлімнен тұрды.
АҚПАРАТ 27 сәуір 2019 г. 429 0

Иммундау апталығы басталды

Мұнан бұрын хабарлағанымыздай, осы аптаның сәрсенбісінде еліміз бойынша «Алдын ал. Сақтан. Егіл!» ұранымен иммундау апталығы басталды. 24-30 сәуір аралығын қамтитын шара аясында ҚР Ұлттық алдын ала егу кестесіне сәйкес тиісті профилактикалық екпелерді уақытылы алмаған азаматтар егіледі.  Мақсат – иммундау арқылы барлық жастағы адамдарды сырқаттан қорғау, аурудың алдын алу.
АҚПАРАТ 27 сәуір 2019 г. 328 0

Ардагерлер тәлімі мен тілегі

Облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті ІV пленумы болып өтті. Онда Елбасының “Ұлы даланың жеті қыры” мақаласында айтылған міндеттерді жүзеге асыру бағытында аймақтағы ардагерлер ұйымдарының атқарған жұмыстары талқыланып, таразыланды. Жиынға облыс әкімінің орынбасары Руслан Рүстемов қатысты. Пленумда облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Серік Дүйсенбаев баяндама жасап, аталған мақала тәуелсіз еліміздің тұтас тарихын тереңнен танып-білуге, сол секілді, жас ұрпақ алдында ұлттық құндылықтарымызды ұлықтауға байыпты бағдар болғанын атап өтті.
АҚПАРАТ 27 сәуір 2019 г. 432 0

Ел дамуындағы басты қадам

А.Тоқмағамбетов атындағы мәдениет үйінде кезектен тыс Президент сайлауына арналған облыстық форум өтті. 
АҚПАРАТ 27 сәуір 2019 г. 276 0