Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының қолдауымен, «Студенттік жастардың еңбек жасақтары облыстық штабы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастырумен Қызылорда қаласындағы орталық алаңда мектеп оқушылары арасында стритбол спорт түрінен жарыс өткізілді.
АҚПАРАТ
29 шілде 2019 г.
242
0
"Мемлекеттік жекешелік әріптестік туралы" заңына сәйкес облыстық мәслихаттар іске асырылуы жоспарланған жергілікті мемлекеттік-жекешелік әріптестік жобалар тізбесін бекітеді. Қызылорда облыстық мәслихатының 2017 жылғы 15 ақпандағы №89 шешіміне сәйкес аймақта жүзеге асырылатын 41 мемлекеттік жекешелік әріптестік жобасы енгізілген.
АҚПАРАТ
27 шілде 2019 г.
313
0
Салық – кез келген өркениетті мемлекеттің кіріс көзінің басты қаржылық құралы.Салық қызметі ел экономикасының дамуына айтарлықтай үлес қоса отырып, талай жаңаруды бастан кешті. Оның бір айқын мысалы, осыдан бес жыл бұрын ҚР Үкіметінің қаулысымен Кедендік бақылау комитеті және Салық комитеті қайта ұйымдастырылып, Мемлекеттік кірістер комитеті болып кұрылды. Бір мезгілде, ҚР Президентінің Жарлығымен ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігін тарату жолымен, экономикалық және қаржы саласындағы қылмыстарды тергеу бойынша міндеттер ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетіне берілді. Үкіметтің 2014 жылғы 23-қыркүйектегі «ҚР Қаржы министрлігінің кейбір мәселелері» туралы қаулысына сәйкес Қызылорда облысы бойынша Салық департаменті Қызылорда облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті болып қайта құрылды.
АҚПАРАТ
27 шілде 2019 г.
256
0
Қазақстан Республикасының «Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы» Заңының 9- бабында белгіленген нормаларды іске асыру мақсатында қолданыстағы заңнамаға сәйкес алты айлық мерзімін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілік көзделген. Қазақстан Республикасының «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Заңының 460-бабының 1 бөлімінде көзделгендей, жеке және заңды тұлғалардың жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеуге құжаттарды берудің "Жылжымайтын мүлікке құқықтарды мемлекеттік тіркеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген мерзімін бұзуы - ескерту жасауға әкеп соғады.
АҚПАРАТ
25 шілде 2019 г.
595
0
Орта салмақтағы отандасымыз Жәнібек Әлмаханұлының келесі қарсыласы белгілі болды. Жекпе-жек 17 тамызда Лос-Анджелесте Banc of California Stadium аренасындағы бокс кешінде өтеді.
АҚПАРАТ
23 шілде 2019 г.
259
0
Орман – жер бетіндегі табиғи қорлардың, оның ішінде өсімдіктер жамылғысының басты бір типі. Құрамында бір-біріне жақын өскен ағаштардың бірнеше түрі қатар өсіп, аймаққа әр беріп тұратын табиғи кешен. Адамның өсімдіктер мен жануарлар дүниесінен эстетикалық ләззат алуына мүмкіндік береді десек, қателеспейміз. Қаланың қапырығы мен шаң-тозаңынан бір сәт демалып, жасыл желек ортасында терең тыныстағанға не жетсін? Қызылды - жасылды гүлдерге көз тоймай қарап, құстардың сайраған дауысын тыңдап, табиғаттың сұлулығына тамсанудың өзі де жанға жайлылық сыйлайды. Ал,осы кереметтің бәрі әп-сәтте жойылып кетуі мүмкін. Оның себебі тілсіз жау – өрттің қаншама шығын әкелетіні айтпаса да түсінікті болар.
АҚПАРАТ
23 шілде 2019 г.
287
0
Мемлекеттік кірістер департаментінде ақпарат құралдары өкілдерінің қатысуымен «Чек талап ет – жүлде ұтып ал» акциясының жеңімпаздарына құрмет көрсетілді. Департамент басшысы Ғалымжан Орынов акцияға халықтың белсенді болуы көңіл қуантарлық жағдай екенін атап өтті. Науқанның ел қазынасын толтырудағы ерекше маңызын айта келе, жеңімпаздар Айдос Мырзабек пен Жібек Рысбекованы арнайы сертификаттармен құттықтап, жеңіске тігілген «IPhone 7» смартфондарын табыс етті.
АҚПАРАТ
23 шілде 2019 г.
238
0
ҚАЖ департаменті ЗК-169/1 мекемесінде психологтар А.Мырзалы, А.Орынбаев және ЗК-169/5 мекемесі психологтарының қатысуымен шаруашылық бөлімінде қалдырылған сотталғандарға «Алақанға жан бітір», «Құпия дос» тақырыбында іс-шара өтті. Онда ойындар ойнатылып тренинг жаттығулар жүргізілді.
АҚПАРАТ
22 шілде 2019 г.
587
0
Абай Құнанбаев 175 жылдығына орай өткізіп жатқан оқу эстафетасына Қызылорда қаласындағы ЗК-169/5 мекемеде жазасын өтеп жатқандар да қатысып, ақын өлеңдерінен үзінді оқыды.
АҚПАРАТ
22 шілде 2019 г.
278
0
22-29 шілде аралығында Астанада ерекше мұқтаж адамдарға арналған фрилансерлердің жазғы мектебі жұмыс істейтін болады. Жобаға қатысу үшін тіркелу 20 шілдеде аяқталады, - деп хабарлайды қалалық әкімдіктің сайты.
АҚПАРАТ
19 шілде 2019 г.
204
0