ПАРТИЯ ЖАҢА БЕЛЕСТЕ

Кеше «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы Шиелі аудандық филиалының кезектен тыс ХІІІ конференциясы өткізілді. Конференцияны аудандық партия филиалының төрағасы, аудан әкімі Мұрат Ергешбаев ашып, жүргізіп отырды. 
АҚПАРАТ 19 қыркүйек 2013 г. 1 326 0

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

Ағымдағы жылғы 16 қыркүйекте облыс әкімі Қырымбек Көшербаев өңірдің бірқатар тұрғынын қабылдады. Аймақ басшысының қабылдауында зейнеткерлер мен әлеуметтік қолдауды қажет ететін топтың өкілдерімен қатар, әр түрлі саланың мамандары да болды. 
АҚПАРАТ 19 қыркүйек 2013 г. 1 057 0

АРАЛДЫҢ ТҰЗЫ РЕСЕЙ НАРЫҒЫНДА

Сапалы ас тұзымен танымал «Аралтұз» акционерлік қоғамының ресми өткізушісі, яғни дистрибьютері – «Сольтрест» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі Ресей мемлекетінің ірі «Магнит» сауда жүйесімен келісім-шарт жасады.
АҚПАРАТ 14 қыркүйек 2013 г. 1 124 0

ЖҰМЫСШЫЛАРДЫ ЕҢБЕККЕ ОРНАЛАСТЫРУ ЖАЛҒАСУДА

Бұдан бұрын хабарланғандай, «Қазақстан темір жолы» Ұлттық компаниясы» АҚ жүйесін модернизациялауға байланысты «Қамқор» корпорациясы Қызылорда локомотив депосы филиалының «Қамқор Локомотив» ЖШС-ында жұмысшылардың қысқаруы орын алған еді. 
АҚПАРАТ 14 қыркүйек 2013 г. 1 392 0

ЖАСӨСПІРІМДЕР БАСПАНАЛЫ БОЛУҒА ҚҰҚЫЛЫ

Аптаның бейсенбі күні облыс әкімінің орынбасары Ақмарал Әлназарованың жетекшілік етуімен кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның селекторлық мәжілісі болып өтті. Онда облыстық балалардың құқықтарын қорғау басқармасының басшысы Арман Қаржаубаев «Жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды тұрғын үймен қамтамасыз ету мәселелері туралы» баяндама жасады.
АҚПАРАТ 14 қыркүйек 2013 г. 1 139 0

ЕКІЖАҚТЫ БАЙЛАНЫСТЫҢ БЕРЕРІ КӨП

Облыс әкімдігінің мәжіліс залында І Корей мәдени бизнес керуені өкілдерінің қатысуымен басқосу өтті. Мәжілісті облыс әкімінің орынбасары Рзақұл Нұртаев ашып, жүргізіп отырды.
АҚПАРАТ 14 қыркүйек 2013 г. 994 0

ҚИЯҒА ҚАНАТ ҚАҚҚАНДАР

Елбасымыздың дәстүрлі Жолдауын насихаттау тұрақты дәстүрге айналды. Әсіресе идеология саласының, ішкі саясат бөлімінің қызметкерлері зор белсенділік танытуда. Бұл бағытта Арал өңірінде бірқатар жұмыстар атқарылды. Аудан әкімдігінің қаулысымен құрылған ақпарттық-насихаттық топтың құрамы елді мекендерді түгелге жуық аралап шықты. Ортақ істен округ әкімдері де қалыс қалмады. Олар тұрғындармен өткен кездесуде Жолдаудың басым бағыттарына түсіндірме жасап, өз үлестерін қосты. Жыраулар үйінің өнерпаздары ұйымдастырған «Жыр-думан» атты концерттік бағдарламасы Октябрь, Сазды, Мергенсай елді мекендері, Сексеуіл кентін аралап дала перзенттеріне көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. 
АҚПАРАТ 14 қыркүйек 2013 г. 1 293 0

ТӨЛЕМ ЖАСАМАҒАНДАР ЖАРЫҚТАН АЖЫРАТЫЛУДА

Барлығына белгілі болғандай 1-маусымнан бастап халықты жарықпен қамтамасыз етіп отырған «Сыр жарығы» рыноктан кетіп, орнына «Энергосервис» ЕЖШС келген болатын. Осыған орай, барлық құрылымдар қайта келісім-шарт жасасып, жарық төлемімен есептесуі тиіс. Алайда, әлі күнге дейін құжаттарын дайындамай, келісімге келмеген, 3 ай бойына қарыздарын төлемеген бизнес орталықтары қаламызда бар болып шықты. Қарыздарын өтемегендер өткен сәрсенбіде жарықтан ажыратылды. Құжат дайындауда селқостық танытқан орталықтардың қатарында «Мирас» сауда орталығы да бар. Бұл сауда кешені қарамағындағы кәсіпкерлерден ай сайын жарнапұлдарын алып отырса да, уақытылы құжат дайындап, жарық төлемін төлеуде құлықсыздық танытып келген.
АҚПАРАТ 14 қыркүйек 2013 г. 1 483 0

АЛДА АТҚАРЫЛАР ІСТЕР АУҚЫМДЫ

Елбасы Жолдауы әлемдік өркениетте өзіндік орны бар еліміздің ертеңі үшін ерекше серпіліс туғызуда. Ел еңсесін тіктеп, халықтың тұрмыс-тіршілігін жақсартуда Сыр аймағында да серпіліс бары байқалады. Жақында жұмыс сапарымен Қармақшы ауданына барғанымызда аумақ халқының әл-ауқатын арттыру мен аудан экономикасын нығайту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып, макроэкономикалық көрсеткіштердің өсуіне көз жеткіздік.
АҚПАРАТ 14 қыркүйек 2013 г. 1 400 0

ШАҢЫРАҚ ШАТТЫҒЫ

Қазалы ауданында облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысымен, «Ақ босаға» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен отбасы татулығына арналған кеш өтті. Кенттің мәдениет үйіне жиналғандар алдында бірлестік төрайымы Меруерт Аңсатова Елбасы Жолдауында қозғалған отбасын сақтау және нығайту тақырыбында дәріс оқыды. 
АҚПАРАТ 14 қыркүйек 2013 г. 2 161 0